15 Тамыз 2024

ERG Skills байқауына қатысушылар саны биыл 4 есе көбейді

Осымен екінші корпоративтік ERG Skills байқауында биыл еліміздің алуан түрлі колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алып жүрген 114 студент пен ERG кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген жасы 23-тен аспаған мамандар бақ сынады. Былтыр бұл сында жалпы саны 30 үміткер сайысқа түскен болатын.

Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттап, ERG кәсіпорындарына жұмысқа тұрғысы келетін үміткрелер арасынан үздіктерді іріктеу. Байқау былтыр Хромтауда өтсе, биыл сайыс бірден 10 алаңды қамтыған. Біліктілік сындары Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Рудный, Хромтау мен Ақтөбедегі ERG мен колледждер Альянсына мүше оқу ордаларында өтті.

Біліктілік сайыстары биыл дәнекерлеу технологиялары, слесарь ісі, электромонтаж, токарь ісі мен өнеркәсіптік автоматика құзіреттері сынды 5 бағыт бойынша ұйымдастырылған. Тапсырмалар үміткердің өз мамандығын қаншалықты терең меңгергенін таныта алатындай етіп ойластырылды. Мәселен токарьлар түйреуіш, бұрансұқпа мен оған қамтама сомын жонып, оларды біріктіруі керек болды. Слесарьларға қысқыш жасау тапсырлған. Дәнеркерлеушілер қысыммен жұмыс істейтін ыдыс жасаса, электромонтаж жасайтын мамандар электрсехамасын жасап, оны бағдарлауы тиіс. «Өнеркәсіп автоматикасы» құзіреті бойынша сынға түскендер сорғыны басқару сызбасын әзірледі.

– Байқауға қатысушылар бөлшектерді мұқият дәлдікпен жасап, металды ерекше сенімділікпен өңдей алды. Құзіреті нық сенімді IV разряд, - дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ мастер-механигі Аркадий Прудников.

Қолында дипломы бар маман болмаса да, коллежд студенттерінің нәтижелері көңіл қуантады. Олар былтырғы байқаудың жеңімпаздары шетелге тағлымдамаға барғанын естігін соң, уақытының басым бөлігін шеберханаларда өткізетін болған. Өндірісті оқытатын шеберлердің бірі: «бұрын оларды шеберханаларға шақырып келтіре алмаушы едік, енді қуып шығара алмайтын болдық» дейді.

– Мен студенттердің жұмысын мұқият бағалап отырып, үзіліс кезінде дәнекерлеу ісінің теориясына қатысты сауалдар қойдым. Олардың дайындық деңгейі мені таңқалдырды, - дейді «Шығыс» кеншінің дәнекерлеу жөніндегі инженері Берік Шалабаев.

Бұл байқауға жоғары білікті мамандар сарапшы ретінде арнайы шақырылған.

– Бізге осы байқауға сарапшы болу – болашағынан зор үміт күттірер жас маманды жазбай танып, алдымен жұмысқа шақыруға мүмкіндік береді, - деді «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ учаске басшысы Рүстем Омаров.

Байқауда жүлдегер атанған ERG кәсіпорындарының жас мамандары арнайы ұйымдастырылатын BootCamp корпоративтік шарасына шақырту алса, жүлделі орын алған студенттерге ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.

Жеңімпаздарға табыс етілер басты жүлде – шетелде тағлымдамадан өту мүмкіндігі.

Биыл жеңімпаздар қатарынан көріне алған ERG Service маманы Радик Абусев былай деді:

– Осыден 2 жыл бұрын ERG кәсіпорнына  жұмысқа тұрдым. Содан бері жинақтаған тәжірибем мен білімім осында жеңіске жетуіме сеп болды. Маған бүгінгі байқауда жеңуден гөрі, алдағы оқытуға жолдама алып, біліктілігімді шыңдау маңызды. Бұл үшін де қатысқан болатынмын. Шынымды айтсам, кілең кәсіби білікті мамандар арасынан үздік шыққаныма әлі сене алар емеспін.

 ERG Service ПМЗ-да еңбек ететін әріптесі, электргазбен дәнекерлеуші Александр Педан биыл үздік үштіктен көрінді.

–  ERG Service-те жұмыс істей бастағаныма небары 1 жарым жыл болды. Осы аралықта қабілетімді байқап, тәжіриден өтуге шақырды. Кәсіби біліктілік байқауына алғаш рет қатысуым. Сондықтан, үшінші орын да жақсы нәтиже. Алайда, бұдан да жақсы болу қолымнан келеді. Биыл бірқатар тапсырмалар қиын болды. Алайда, жігерімді жанып, қолынан келгенді істедім. Нәтижеме қуанып тұрмын. Бірақ, осы жетістікпен тоқтамаймын.