ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту байыту өндірістік бірлестігі» АҚ өзінің 70 жылдығына орай «туған қалаға» тарту жасауды жалғастырды. Қаланың құрылған күніне орайластырылған салтанатта кәсіпорынның Бас директоры Сергей Напольских Рудный колледждері мен индустриалды университет ұжымдарына «ERG сыныптарын» жабдықтауға сертификаттарды табысталды. Мұнда интернетке шығатын интерактивті тақталарды, компьютерлік симуляторларды, VR-көзілдіріктерді және басқа да оқу құралдарын сатып алу қарастырылған. Заманауи жабдықтар бірқатар жұмысшы мамандықтары бойынша оқытудың жаңа тәсілдерін қамтамасыз етеді. Білім беру жобасын іске асыруға 180 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Қазақстанның колледждерімен жұмыс шеңберінде Еуразиялық Топ түрлі мамандықтар бойынша «ERG сыныптарының» тұтас желісін құруды ұйғарған. Барлық кәсіптік оқу орындарындағы кабинеттер бірыңғай дизайнмен әрленеді. Сатып алынатын жабдықтың айрықша ерекшелігі болады.
- «ERG сыныптары» мамандарды, ең алдымен кәсіпорында сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау және оқыту тәсілдерін жақсартуға мүмкіндік береді, –деп атап өтті ССКӨБ Бас директоры Сергей Напольских. - Ең маңыздысы – Рудный колледждері мен университетіндегі жабдық біздің өндіріс процесіне сәйкес келеді. Темір дивизионын ұзақ мерзімді даму стратегиясы фабрикалық қайта құруды және ыстық брикеттелген темір өнімдерін шығаратын зауыт салуды қамтиды. Сондықтан бүгінгі таңда біз үшін жоғары білікті мамандар бұрынғыдан да маңызды.
Рудный кәсіби оқу орындарын жыл сайын одан маман тәмамдап, көпшілігі Темір дивизионының өндірістік алаңдарында еңбек жолын бастайды. «ERG сыныптарының» арқасында бірқатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша түлектер кәсіпорындағы жұмысқа бейім болады.
- Бұл бағдарлама – ERG компаниясымен және ССКӨБ, атап айтқанда, біздің көпжылдық ынтымақтастығымыздың кезекті қадамы. Бұл кәсіпорын үшін жұмысшы персоналды даярлауды одан да тиімді етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Рудный тау-кен технологиялық колледжінің директоры Қайсар Канешев. – Біз қалақұраушы кәсіпорынның ұжымына өте ризамыз, соның арқасында колледждің материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып отырады.
Әрбір «ERG сыныбы» соңғы техникамен жабдықталған. Интернетке шығатын интерактивті тақталарды, кәсіби дағдыларды бекітуге көмектесетін компьютерлік симуляторларды, VR-көзілдіріктерді сатып алу қарастырылған.
Бүгінгі таңда Компания үшін ERG кәсіпорындары үшін жұмысшыларды даярлаудың қазіргі заманғы форматы бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан колледждер мен университеттерде оқытудың өнімді әдістерін енгізу бойынша жұмыс міндетті түрде жалғасын табады.