el.kz 25.08.2024 – Өмірімнің жартысын жер астында өткіздім, енді қалғанын үстінде өткізсем деймін - ардагер шахтер

Аманғали Жармағанбетов - 33 жыл өмірін шахтаға арнаған кенші. Бүгінде ол - ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан Тәуелсіздігінің он жылдығы атындағы шахтасының бригадир-ұңғылаушысы. Кеншілер күні қарсаңында El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі ардагер шахтермен тілдескен болатын.

Саналы ғұмырын кен өндірісі саласына арнаған Аманғали Жармағанбетов Хромтауға 1991 жылы 10 қазанда отбасымен көшіп келіп, шахтаға кенші болып жұмысқа орналасады. Бір жыл бойы тау-кенші ретінде қызмет етіп, одан кейін кейін жер астында бетон ататын торкретші болады.

Кеңес дәуірі аяқталған соң, қиын кезеңдер басталды. Жұмыстар жабылды. Сол кезде «Центральный» шахта тоқтатылып, 1994 жылдың желтоқсанында «Молодежная» шахтасына ауыстырылды. Оған дейін ұңғылаушылыққа оқып алған едім. Сол жаққа ауысып, шамамен 1-2 жыл ұңғылаушы болып жұмыс істедім. 1997 жылы тіреуші қызметіне кеттім. 1999 жылы Виктор Тиль шахта басшылығына тағайындалып, мені Марат Исмағұлов деген кісінің бригадасына жіберді. Уақыт өте бригада екіге бөлініп, 1999 жылы мені төрт адаммен бірге «Центральный» шахтаға қайтадан ауыстырды, - деді ардагер кенші.

1999 жылы Аманғали Өтегенұлын төрт адаммен қосып, бригадир ретінде «Центральный» шахтаға жібереді. Сөйтіп, шахтердің алдында «Минус 160-горизонтты» дұрыстау міндеті тұрды. Ондағы мақсат - шахтаны қайта ашып, жұмысты жандандыру. Горизонтта теміржол нашар болып, басты міндет теміржол торабын қалпына келтіру болды. Шахта ішіндегі теміржол 5 шақырымды құрады. Кейіпкерімізге «Минус 160-горизонттағы» 50-орт деген көлденең жерасты тау өндірісінде жеткізгіш алатын блогты дайындау міндеті жүктелді.

дереккөзі