ERG Metalkol кәсіпорны өндірген мысты экспорттау алдындағы қаржыландыру келісімі туралы жариялады

Штаб-пәтері Люксембургте орналасқан Eurasian Resources Group («ERG», «Топ»), жетекші әртараптандырылған пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу тобы, Bank of China Limited London және Glencore International AG («Glencore») компанияларымен экспорт алдындағы қаржыландыру туралы келісімге отырғанын хабарлады.

Келісімнің талаптары Топқа айналым қаражатын және басқа жалпы корпоративтік мақсаттар үшін 150 миллион АҚШ долларына дейін қарыз алу мүмкіндігін береді. Экспорт алдындағы қаржыландыру нысаны катодты мысты жеткізу бойынша ERG меншігіндегі Metalkol-мен жасалған келісімге негізделген.

Николя Треан, ERG Africa бас атқарушы директоры, былай деді: «Біз серіктестеріміз Glencore және Bank of China көмегімен Metalkol кәсіпорнының инвестициялық бағдарламасының басымдылығын арттыратын экспорт алдындағы қаржыландыру құралының құрылғанын қуана хабарлаймыз. Біздің бірлескен күш-жігеріміз аймақтың үздіксіз экономикалық дамуына пайда әкеледі және бүкіл Африкада жауапты тау-кен және металл өндірісін дамытуға көмектеседі».

Джиотиш Джордж, Glencore мыс сату бөлімінің басшысы: «Біз КДР-ден бүкіл әлемдегі тұтынушыларға мыс сияқты маңызды минералдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін Eurasian Resources Group және Bank of China-мен серіктес болғанымызға қуаныштымыз», - деді.

Митал Патель, Bank of China London құрылымдық сауда қаржыландыруының басшысы былай деді: «Бұл транзакцияда дәстүрлі экспорт алдындағы қаржыландыру құрылымының барлық белгілері бар. Екі клиент бар – жеткізу тізбегінің екі жағында. Әлемді электрлендіру үшін маңызды тауар және тау-кен өнеркәсібіндегі дәстүрлі әдіспен салыстырғанда жаңа, экологиялық таза тау-кен өндіру процесін қолданатын өндіруші бар. Metalkol шикізат ретінде басқа кәсіпорындар қалдырған қалдықтарды пайдаланады».

Жеткізу келісімі ERG-дің халықаралық серіктестермен коммерциялық келісім-шарттардың онсыз да әсерлі портфелін күшейте түседі. Сондай-ақ, жақында дүние жүзінде екінші ірі мыс өндірушісі болған Конго Демократиялық Республикасындағы (КДР) экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі Топтың қолданыстағы стратегиясын нығайтады. Сонымен қатар, Metalkol-дің катодты мысты жеткізуі жасыл энергияға көшу үшін қажетті маңызды минералдарға сұраныстың артуына қолдау көрсетеді.

КДР-дегі сенімді және ұзақ мерзімді серіктес ретінде ERG жергілікті мыс-кобальт операцияларына инвестициялауды жалғастыруда. Экспорт алдындағы қаржыландыру келісімі Топтың Metalkol-ге және тұтастай алғанда Колвези аймағына салған инвестицияларының тұрақтылығына ықпал етеді.

Metalkol тау-кен өндіруді жауапты бағалау процедурасынан (RMAP) өтті. Бұл пайдалы қазбаларды жауапты өндіруді тексеретін құн тізбегін жақсартуға арналған Жауапты тау-кен ісі бастамасының (RMI) флагмандық бағдарламасы. Мыс шикізатын алу ERG компаниясының «Таза кобальт пен мыс» бағдарламасында баяндалған қағидаттар мен мақсаттарға негізделген. Ол ЭЫДҰ жанжалдан зардап шеккен және жоғары тәуекел аймақтарынан минералды жеткізу тізбегін жауапты басқару жөніндегі нұсқаулықтарына сәйкес келеді.

Metalkol-дің жұмысы туралы төртінші есеп PwC компаниясының тәуелсіз бағалауынан өтті