egemen.kz 11.09.24 – «Қазақмыс», ERG және «Қазцинк» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның жетекші тау-кен металлургиялық компаниялары – Қазақмыс, Қазцинк және ERG отандық қамтуды дамыту және импортты алмастыру мәселелерін талқылауға бағытталған бірқатар кездесулерді жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компания басшылығы мен «QazIndustry» АҚ өкілдері «Қазақмыстың» Балқаш, Жезқазған және Қарағандыдағы алты өндіріс орнында болды.

Балқашта делегация «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің механикалық жөндеу зауыты мен «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің мыс және эмаль сымдарын шығаратын цехының өнімдеріне ерекше қызығушылық танытты.

«ERG Коммерциялық орталығы» ЖШС-ның бас директоры Руслан Мулюкбаев ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Біз жылына 80 тоннаға дейін эмаль сымын сатып алуға және Қазақмыспен өзара тиімді шарттарда үш жылдық формулярлық келісімшарт жасасуға мүдделіміз. Біз өнім бағасын белгілеу және ішкі мазмұнды дамыту бойынша ашық ынтымақтас жасауға дайынбыз», деді Руслан Мулюкбаев.

«Казцинкмаш» ӨК директоры Александр Анчугин Механикалық жөндеу зауыты өнімдерінің келешегі туралы пікір білдірді.

«Біздің компанияларымыз үшін бір-бірімізді қолдай отырып, импортты алмастыруға арналған позицияларды дамыту өте маңызды. Машина жасау саласында ірі компаниялардың ынтымақтастығы жоғары мультипликативтік әсерге ие: біз серіктестерімізге белгілі бір өнімдерді өндіруде көмектесеміз, ал олар бізге көмектеседі. Біздің РМЗ-мен жұмысымыздың мысалы –  мұның айқын дәлелі», деді ол.

Жезқазған қаласында делегация бағдарламаны Қазақстанның тау-кен металлургия өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесіне құрмет ретінде Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастады, «Kazakhmys Smelting» ЖШС-ның бас директоры Жәнібек Байғабелов қонақтарды Жезқазған мыс қорыту зауытының және «Қазкат» мыс илемдерін шығаратын зауыттың жұмысымен таныстырды.

Келесі кезекте делегация машина жасау саласының флагманы ретінде танылған Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды. Зауыт тау-кен, металлургия және энергетика салаларына арналған флотациялық жабдықты, ұсақтау және ұнтақтау қондырғыларын, конвейерлік жүйелер мен бөлшектерді шығаруға маманданған өндірістік қуатымен танымал. Халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін өте күрделі жабдықты шығаруға мүмкіндік беретін технологиялар мен әзірлемелерге ерекше назар аударылды.

2024 жылдың 19 тамызында  Қарағанды құю-машина жасау зауыты халықаралық API сертификатын (Американдық мұнай институты) алды, бұл сертификатқа ие Қазақстандағы алғашқы машина жасау кәсіпорны болды.

Қарағанды құю-машина жасау зауытының Басқарма төрағасы Жәнібек Байғабелов «Қазақмыстың» импорттық материалдар мен жабдықтарды отандық өніммен алмастыру стратегиясындағы зауыттың маңыздылығын атап өтті. Ол зауыттың өндірістік қуаттылығын белсенді түрде арттырып жатқанын, бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетінін атап өтті.

Екі күндік сапар Қазақмыс, Қазцинк және ERG арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қоюмен  аяқталды. Бұл меморандум ұзақ мерзімді  әріптестікті дамытуға және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталған. Ынтымақтастық Қазақстан Республикасының индустрияландыру, адам ресурстарын дамыту және отандық өнімді қолдау саласындағы экономикалық ілгерілеуіне ықпал етеді. Алдағы уақытта қосалқы бөлшектердің 200-ден астам атауына off-take келісімдерін жасау жоспарланып отыр.

дереккөзі