12 Қыркүйек 2024

«3-Энергоорталық» АҚ шығарындыларын жылына 50 тоннаға қысқартты

Eurasia Resources Group құрамындағы «3-Энергоорталық» АҚ атмосфераға шығарындыларын жылына 50 тонна қысқартты. Бұған отынды пайдалану тәсілін түзетудің арқасында қолжеткізген.

«3-Энергоорталық» АҚ экологтары экологиялық бақылау бағдарламасын, қоршаған ортаны қорғау жоспары мен қалдықтарды басқару бағдарламасын, рұқсат етілген шығарындылардың нормативтері тармағы бойынша эмиссиялар нормативінің жобасын әзірлеген. Осының бәрі сайып келгенде кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін әсерін төмендетуге сеп болды.

– Түзетудіің мәнін тарқатып айтар болсам, біз қолданылатын мазут көлемін азайтып, негізгі отын ретінде табиғи газды пайдаланамыз, – деді Еуразиялық Топтың қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков. – Осылайша, сақталатын мазут, қалдықтар көлемін қысқартып, оларды қоймаға орналастыру мен залалсыздандыру ережелерін мұқият сақтау нәтижесінде қоршаған ортаға әсер де төмендейді. Мазуттан түгел бас тарта алмаймыз. Өйткені ол – газ жеткізілімдерінде қиындықтар, үзілістер туындар жағдай болса, резервтік отын ретінде пайдалануға керек.

Шығарындылар көлемін қысқарту – компанияның Экологиялық ахуалды жақсарту мен қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған ұзақмерзімді стратегиясының бір тармағы. Осылайша, «3-Энергоорталық» АҚ экологиялық стандарттарды ұстанып, табиғатқа кері әсерін барынша азайтуға күш салып жатқанын тағы бір мәрте паш етті