12 Қыркүйек 2024

Дүниежүзілік V көшпенділер ойындары жаңарған Qazanat ипподромында өтіп жатыр. Оны ауқымды қайта құру жұмыстары ERG-дің қолдауымен іске асты.

Eurasian Resources Group (ERG) 30 жылдық меретойы қарсаңында алғаш рет Қазақстан қабылдаған Дүниежүзілік V көшпенділер ойындарына дайындық барысында Qazanat ипподромын кең көлемде қайта жаңғыртты. Айрықша спорттық нысанды жаңғыртуға 17 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталды.

Қайта құру нәтижесінде атшабар кеңіп, бұрынғыдан да жайлы бола түсті. Көрермендерге арналған орын саны – 10 мыңға дейін ұлғайтылды. Соның 2 400 орны жаңа түпкілікті трибуналар болса, 5 000 орын – модульді трибуна. Бәйгенің мәресін тамашалауға арналған құрметті қонақтар арналған трибуналарға ерекше көңіл бөлінді. Енді ол жерден дүбірлі дода тіптен керемет көрінеді. 

Ат шабатын негізгі және жаттығу айналымдарының алаңдары да айтарлықтай жаңарды. «Садақ ату», «Жамбы ату», «Аударыспақ» сынды ұлттық ойын түрлеріне арналып мамандандырылған алаңдар жасақталып, көшпенділердің мәдени мұрасын дәріптеуге жағдай жасалды. 

Ипподромның инфрақұрылымына жаңа атқоралар қосылып, енді олар бір мезетте 400 арғымақты қабылдай алады. 220 орын жылқыларды жыл он екі ай қабылдаса, қосымша жазғы уақытқа арналған тағы 96 орын бар. Одан бөлек, енді жерде «Көкпар» ойынын айрықша қажеттілігі бар адамдар да тамашалай алуы үшін көремендерге арнайы жайлы орындар жасақталды.

Атшабардың іші де Ұлы даланың ерекшелігін барынша айшықтайтын ерекше стильде әрленіп, көшпенділердің мол мәдениетін паш етіп тұр.

– Ипподромды қайта құру «Көшпенділер ойындары» сынды әлемдік ауқымдағы шараны өткізуге қосқан үлесіміз ғана емес, еліміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтауға септесу. Біздің қызметкерлер де жарыстарды көріп, жанкүйер болып жүр. Жалпы командалық есепте топ бастап тұрған еліміз үшін мақтаныш сезімі бойды кернейді. Осы нәтижеге үлес қосқан азаматтардың бәрін құттықтаймын,- деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

Қонақтар мен жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін Тұран даңғылы мен Қарқаралы тас жолын жалғаған 4 жолақты 2 шақырым жол төселді. Кең автокөлік тұрағы ойластырылды.

– Елімізге ұлттық спорт түрлерінен осындай ауқымды әлемдік бұқаралық шараларды қабылдау үлкен мәртебе. Әлемнің әр қиырынан көптеген қонақтар мен спортшыларды көрдік. Біз де олардың ұлттық киімдерін көріп, мәдениеттерімен танысып жүрміз. Бүгін ипподромға келіп, ондағы шараларды ұйымдастыру деңгейіне таң-тамаша болдық,- деді ойынға келген жанкүйер Зәуреш Жүсіпова.

Qazanat атшабары заманауи талаптар мен стандарттарға сай жаңартылды. ERG компаниясы Қазақстан үшін айтулы шараны тиісті деңгейде өткізуге үлес қосқанын мақтан тұтады.

ERG қызметін бастағалы бері елдегі әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға сүбелі үлес қосып келеді. Компания республикалық деңгейдегі қайырымдылық жобаларын қолдап, бас қалада ірі нысандарды салуға қомақты қаражаттар бағыттады. Олардың қтарында Астана Опера театры, Назарбаев Университет, Ботаникалық саябақ және тағы басқалары бар. ERG Қазақстанда қызметін бастағалы бері демеушілік пен қайырымдылыққа 1 млрд АҚШ долларынан астам қаражат бағыттаған.