02 Қазан 2024

Eurasian Resources Group басшылығының ауысқаны туралы хабарлайды: Топтың CEO қызметіне Бенедикт Соботканың орнына Шухрат Ибрагимов тағайындалды

Штаб-пәтері Люксембургте орналасқан, пайдалы қазбаларды өндіріп, өңдейтін әртараптандырылған жетекші топ Eurasian Resources Group (ERG немесе Топ) Шухрат Ибрагимов мырза Топтың СЕО (Бас атқарушы директоры) қызметіне тағайындалғанын хабарлайды. Осы лауазымда он жылдан артық еңбек еткен Бенедикт Соботка мырза бизнесті басқаруды табыстау бойынша қажетті көмек көрсетіп, ERG командасымен байланыста болады. Бұған дейін Бас атқарушы директордың бірінші орынбасары болған Шухрат Ибрагимов компаниядағы сабақтастықты қамтамасыз етеді. Оның Топтың СЕО қызметіне тағайындалуы кәсіпорындарды одан әрі дамытуға және ERG-дің табиғи ресурстарды жауапты игеруге қосар үлесін арттыруға бағытталған басқарудағы жаңа кезеңге сай.

Шухрат Алиджанович әр-түрлі басшылық лауазымдарда жинаған мол тәжірибеге ие. Соның ішінде Қазақстандағы ERG Басқарушы компаниясының Бақылау кеңесінің төрағасы, ERG S.à r.l. Директорлар кеңесінің мүшесі және соңғы уақытта Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі тәжірибесі бар.

Бенедикттің басшылығымен Топ өте маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, әлемдегі ірі әрі жауапты кобальт өндірушілердің біріне айналған Конго Демократиялық Республикасындағы Metalkol RTR жобасын іске қосу және Бразилияда біріктірілген тау-кен, теміржол және порт инфрақұрылымын құру жөніндегі Педра де Ферро - FIOL - Порто-Сул жобасы бар. Осы жылдары Қазақстанда маңызды бастамалар жүзеге асырылды: хром өндірісінің шлам қалдықтарын өңдейтін ERG Green байыту зауыты салынды және жел электр станциясының құрылысы басталды.

Бұған қоса, ERG Дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесе отырып, Батарея секторы үшін жаһандық Альянстың негізін қалаушы серіктесі болды. Бүгінгі таңда осы жаһандық көп жақты бастамаға бизнес өкілдерін, үкімет пен үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда 180-нен астам мүше қосылды.

Шухрат Алиджанович Ибрагимов былай деді: «ERG – бұл өзінің ерекше үлкен бірегейлігі бар, дарынды әрі жоғары кәсіби білімді адамдардан құралған керемет командасы бар компания. Мен Топтың Бас атқарушы директоры болып тағайындалғаныма қуаныштымын. Біздің болашақта ERG үшін жасайтын мүмкіндіктеріміз мені өте қатты қанаттандырады. 2021 жылы дүниеден өткен менің әкем Алиджан Рахманович Ибрагимов  – ERG негізін қалаушылардың бірі. Ол ERG-ді өзінің жүрегінде сақтап, сол махаббатты маған берген. Мен өзімнің мақсатымды ERG-дің негізгі бәсекелі артықшылықтарын тиімді пайдалана отырып, орнықты өсу арқылы біздің барлық стейкхолдерлеріміз үшін ұзақ мерзімді табысты қамтамасыз ету деп білемін».