ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) Бас директоры қызметіне Сергей Валентинович Кузьменко тағайындалды.
Сергей Кузьменко «ССКӨБ» АҚ-дағы еңбек жолын 2001 жылы Кен дайындау, байыту және кесектеу басқармасында жабдықтарды жөндеу жөніндегі кезекші электраслесарь болып бастаған. Онда шеберден Технологиялық энергия жабдықтарын пайдалану және жөндеу цехының бастығына дейінгі қызмет сатыларынан өтіп, 2011 жылы фабрика кешенін пайдалану және жөндеу басқармасының директоры қызметіне тағайындалды. 2014 жылы Кен дайындау және байыту фабрикасының директоры, ал 2015 жылдың наурызында кәсіпорын басқармасының өндіріс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. Бүгінге дейін ол «ССКӨБ» АҚ өндіріс жөніндегі директоры қызметін атқарып келген.
Сергей Кузьменконың тікелей қатысуымен дивизионда ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылып, кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілді. Ол тау-кен жұмыстарын оңтайландыру және Қашар карьерін қайта құру жобасына көп күш салды. Оның еңбек жолында айрықша атап айтар тағы тұс бар: оның тікелей қатысуымен Қашар карьерінде «Ақылды карьер» технологиясы қолданылды. 2018 жылғы маусымда тау-кен көлігі жабдықтарының өнімділігін арттыруға бағытталған жоба «Алтын Гефест» салалық республикалық байқауының қорытындысы бойынша «үздік» деп танылған.
Сергей Кузьменко қажырлы еңбегі үшін көптеген мемлекеттік және корпоративтік марапаттарға ие болған. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін 2023 жылы мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2024 жылы оған «Рудный қаласының құрметті тұрғыны» атағы берілді.
Осы уақытқа дейін «ССКӨБ» АҚ басшысы қызметін атқарған Сергей Напольскихтің металлургия және тау-кен кәсіпорындарындағы тәжірибесі 25 жылдан астам. Сергей Напольскихтің операциялық тиімділік бағдарламаларын іске асыруда, өндірістік жүйені дамытуда, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған процестерді ұйымдастыруда үлкен тәжірибесі толысқан.
Оның басшылығымен өнімділікті арттыру, көрсеткіштерді жақсарту және шығындарды азайту үшін ССКӨБ фабриканы қайта құру бойынша даму стратегиясы қалыптастырылды. Сергей Александровичтің басшылығымен байыту учаскесі бойынша аппараттар тізбегінің сұлбасы, күйдіру машиналарын ауыстыру сценарийі, сондай-ақ дивизионның шикізат активтері бойынша өндіру жұмыстарына шығындарды азайту қамында бірқатар іс-шаралар әзірленді. Сергей Напольских өткізу нарықтарын кеңейтуге және темір кенінің жаңа тұтынушыларын іздеуге үнемі қызығушылық танытты.
Ол ERG компаниясынан тыс жаңа жобаларға қатысуды ұйғарған.