Хромтауда құны миллион доллардан асатын техника қолданысқа берілді

ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатына құны миллион доллардан асатын жүктиегіш сатып алынды. Су жаңа қуатты көліктер компанияға биыл келген 38 түрлі машинадан асып түседі. Автопаркті жаңарту комбинаттың тоқтаусыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Тек биыл ERG Дөң тау-кен байыту комбинатының тау-кен техникасы паркін дамытуға он миллиард теңгеден астам инвестиция құйды.

– Техника паркін жаңартып, модернизациялау – компанияның басым бағыттарының бірі, - деді Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжипов. – Өндіріс күн санап қарыштап келеді және соған сай жыл сайын тау-кен машиналары адамдарға ыңғайлы да қауіпсіз, «ақылды» әрі тиімдірек, замануи жағдайларға бейімделген.

Сaterpillar маркасының жүктиегіштері – компаниядағы CAT көліктерінің қатарына қосылған ең соңғы үлгі. Ол фабрикаларға қызмет көрсетеді және бірнеше артықшылықтарға ие. Оның үлкен жүккөтерімділігі жұмыстың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Ал алты метрге дейін баратын жебесі дайын кенді және теміржол платформаларын эстакадасыз тиеуге мүмкіндік береді.

– Жаңа жабдықтың тағы бір артықшылығы – жүргізушіге жайлы орын сыйлауында, - деді тау-кен көлік тасымалдау цехыны бас механигі  Еркін Клюмов. – Сонымен қатар тиегіш тікелей өндіріс тиімділігін арттырып, шығындарды азайтады. Мысалы, тау-кен массасын өзі-ақ тией алады. Біз енді мұндай жұмыстарға экскаваторларды қолданбаймыз. Оларды карьерлердегі өз міндеттеріне пайдала бермекпіз. Шын мәнінде, бұл тау-кен көліктері екі техниканың жұмысын орындауға қауқарлы.    

Жүктиегіштегі шөміштің үлкен сыйымдылығы карьер самосвалдарына өнімді жылдам тиеуге ықпал етеді. Бес шөміштей тиелсе, көлік кенді қоймаға тасымалдауға дайын. Сарапшылар жаңа техниканың қуатты қозғалтқышын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуде күй талғамайтынын атап өтті. Сәйкесінше жөндеу шығындары азайып, сенімділік артады  деуге негіз бар.

Өнеркәсіп орындарына үлкен жүктиегіштен бөлек, жаңа шахталық, карьерлік самосвалдар, фронтальді жүктиегіштер, автогрейдерлер, жұмысшыларға арналған жерасты автобустары сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы тоғыз техника келеді деп күтілуде. Бұл түрдегі ауыр техникалардың барлығы тау-кен және көлік бөлімдерінде қолданылады.

Ондаған жерасты техникасымен жабдықталатын компанияның жаңа шахтасы іске қосылуға дайындалып жатқанын еске саламыз.