Ақтөбеде 60-қа жуық қалалық отбасы қоныс тойын атап өтуде. ERG құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметкерлері су жаңа пәтер иелері атанды. Зауыт жұмысшылары тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтарда сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш шара өткен жылдың соңында Ақтөбе облысының әкімдігі, ERG компаниясы мен Отбасы банкі арасында қол қойылған үшжақты меморандум барысында жүзеге асты.
Ақтөбенің перспективті «Алтын орда» (Батыс-2) ауданындағы жаңа ғимараттың жанында бүгінде біраз халық жиналды. Мұнда 38 зауыт қызметкерлері мен олардың отбасылары пәтер кілтін алды. Жаңа қоныстанушылар арасында тапшы кәсіптердің өкілдері, жас өндірушілер, жоғары білікті мамандар, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар да бар. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының мастер-электригі Айбек Уаисбаев үшін бұл бақытты күн – өзінің алғашқы пәтеріне ие болды.
- Біз қаланың жаңа ауданында пәтер алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұған дейін жұбайым екеуміз ата-анамызбен бірге тұрдық. Менің үш балам бар, ең кенжесі 2,5 жаста. Жақын жерде мектеп, балаларға арналған ойын алаңы өте ыңғайлы. Аялдамалар, барлығы бір қадам жерде орналасқан, - дейді Айбек.
– Біз үшін қызметкерлеріміздің әл-ауқаты маңызды, - деп атап өтті кілттерді тапсыру кезінде «Қазхром «ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. - Әр адам өз баспанасына ие болуды армандайды және мен ERG әлеуметтік бағдарламасы аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қызметкерлерінің бұл арманы орындалғанына қуаныштымын.
Зауыт жұмысшылары өз қалауы бойынша әрленген және әрленбеген күйіндегі пәтерлерді алды. Жаңа үйдің ауласында ойын алаңы мен футбол алаңы бар үлкен жабық аула бар, ал ауданның өзі өте дамыған инфрақұрылымға ие. Кәсіпорын директоры Ержан Абдулабеков атап өткендей, зауыт жұмысшылары үшін үй өте мұқият таңдалып, сенімді құрылыс салушыдан сатып алынды.
Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тағы 19 қызметкері қайталама нарықта пәтер сатып алды. Мұнда, меморандум шарттары бойынша жаңа құрылыста сатып алу кезінде «Отбасы банк» АҚ ERG үшін арнайы әзірлеген ерекше жеңілдігі бар шарттар қолданылды – жылдық 5% ставка бойынша қарыз (ЖТСМ 5,2% - дан бастап), бастапқы жарнасы небәрі 10%.
Осы жоба аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлерінің 100 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады.