15 Қазан 2024

Павлодар алюминий зауыты жұртшылыққа жентектеу пештеріндегі жаңа гибридті сүзгілерін таныстырды

Eurasian Resources Group құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ жұртшылыққа ERG-дің экологиялық стратегиясын іске асыру барысын паш етті. Мұнда мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, Павлодар облысындағы БАҚ пен экологиялық кеңеске баспасөз конференциясы өткізілді.

Компания қонақтары Павлодар алюминий зауытының өндірістік алаңдары мен  жентектеу цехын аралады. Оларға № 4 пеште шаң-газ тазартудың жаңа жүйесін таныстырылды. Онда 1-ші пештен кейін, 2021 жылы екі сүзгі жаңартылып, жақында электрсүзгілерді гибридті сүзгілерге ауыстырылған. Осылайша, ескірген сүзу жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталды. Екі пештің сүзгі жүйесін қайта құруға салынған инвестиция көлемі – 14 млрд теңге.

«Қазақстан алюминийі» АҚ бас экологы Мақсұт Жақыпов өнеркәсіптік өндірістің өңір экологиясына әсерін жоспарлы түрде төмендетіп қана қоймай, орнықты әсер ету үшін ең үздік қолжетімді технологияларды пайдалану басты міндет екенін ерекше атап айтты.

– Гибридті сүзгілер швейцария технологиясы бойынша әзірленген және бөлшектердің шығарындыларын 20 мг/нм3 дейін барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Яғни Еуроодақтың экологиялық нормаларына сай. №1 жентектеу пешінде сүзгілерді қайта құрудан кейін қатты бөлшектердің түтінін тазарту әсері жылына 2 514 тоннаға төмендеген. Ал, 4-ші жентектеу пешінен бөлшектер шығарындыларының төмендеуі жылына шамамен 4 000 тонна болады, – деп атап өтті Мақсұт Жақыпов.

 №5 пештегі сүзгілерді ауыстырылып жатыр.

– Біз қоятын жаңа «гибридтер» 30 жыл және одан да көп жыл қызмет етеді, – деді ауқымды қайта құру жобасының жетекшісі Ринат Асқаров, баспасөз турына қатысушылардың сұрақтарына жауап беру барысында.

Экскурсиядан кейін компанияның бас экологы Мақсұт Жақыпов пен Павлодар алюмиий зауытының директоры Айтуған Ахметов баспасөз турының қонақтары «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның басқа да экологиялық және әлеуметтік маңызды бастамалары жайлы айтып берді. Осыған орай, компанияның экостратегиясы аясында шаң-газдарды тазарту жүйелерін қайта құру қамындағы ауқымды бағдарламамен бірге алда 40 экожоба жоспарланған. Оларға жалпы сомасы 112 млрд теңге инвестиция құйылады.

Ірі жобалар қатарында: «Қазақстан алюминийі» АҚ Электр станциясының №6 қазандық агрегатындағы күл қармаушы қондырғыны ауыстыру, СҚЗ-ға және алюминий дивизионының шығарынды көздеріне (ПАЗ және ҚЭЗ) АЖМ орнату, иондалған сәулеленудің ампулалық көздерін және құрамында ПХД бар совтол трансформаторлары ауыстырылды. Сондай-ақ, компания санитарлық-қорғау аймағында және Павлодар аумағында жылына тұрақты түрде 1500 ағаш егеді.

– Одан бөлек, біз Қазақстан Республикасы Президентінің елді ауқымды көгалдандыру тапсырмасын қолдадық. Павлодар облысы әкімдігімен бекітілген меморандум аясында осы жылдың сәуір және қыркүйек айларында Павлодар ауданының аумағында мемлекеттік орман қорында ERG қаражатына 1,8 млн-нан астам қарағай көшеттері егілді, – деді компанияның бас экологы.

Баспасөз конференциясында қойылған сұрақтармен қатар, шараға қатысушылар компания басшылығына экологиялық жобаларды қала тұрғындарының өмірі мен қызметіне көбірек интеграциялау туралы өз ұсыныстарын білдірді.

– Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде 15-20 жыл аралығында қоршаған ортаға әсер ететін кәсіпорындар халыққа экожүйелік қызметті көрсетеді екен. Сіздерге де осындай тәжірибені қолдануды ұсынғым келіп тұр. Осылайша, адамдар еңбектеріңізден тікелей пайда көреді, – деді биология ғылымдарының докторы, профессор, «С. Торайғыров университеті» КЕАҚ «Мониторинг» ҰҒО басшысы Қанат Ахметов.

«Қазақстан алюминийі» АҚ мен ПАЗ басшылары экокеңестің ұсыныстарын алдағы уақытта қарастыруды жоспарлап отыр.