aqtobegazeti.kz 18.10.2024 – Металлург Мусиндер

Әр әулетте жұмысшы мамандығы бойынша еңбек етіп, соның жемісін көріп отырғандар аз емес.

Ал Мусиндер отбасының бір ерекшелігі — үйдегі 3 адам бір ұжымда жұмыс істейді, олардың жақын туыстары да кейіпкерлерімізге әріптес. Зауыттың байырғы қызметкерлері болашақта немерелері ата жолын жалғаса дейді.

Биыл мерейлі 60 жасқа толған Асқар Мусин Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 1986 жылы жұмысқа орналасқан. Мұндағы еңбек жолын теміржол цехының пойыздарды құрастырушысы ретінде бастаған отағасы көп ұзамай сол кездегі сирек кездесетін мамандық — теміржол кранының машинисі мамандығын Свердловск қаласында игеріп үлгереді. Артынша зайыбы Сәния Самиғоллақызымен танысып, отбасын құрып, екі жас кәсіпорындағы қызметін бірлесе жалғастырады. Қазіргі таңда зауыттағы қайнаған өндірісті, болаттай берік төзім мен еңбекқорлықты қажет ететін жұмысты бес саусағындай білетін ол өткен күндерді ерекше жылылықпен еске алады.

дереккөзі