28 Қазан 2024

Ақсу қаласының ауруханасына жаңа медициналық жабдықтар жеткізілді

Eurasian Resources Group (ERG) өзінің 30 жылдық мерейтойына орай «туған қалаларына» тарту жасады. Компания Павлодар облысындағы металлургтер мен энергетиктер қаласы – Ақсуға ең заманауи рентгенологиялық жабдықтар сатып алып берген. Жаңа қондырғының құны – 25 миллион теңге.

Қалалық ауруханада мобильді рентген жүйесіне қажеттілік туындағанына біраз жылдың жүзі болған. Әмбебап қондырғыны енді ортопедиялық хирургия, жансыздандыру шаралары мен жалпы хирургияда кеңінен қолдауға болады. Ол хирургиялық ота барысында сынған жердің сапалы суреттерін шығарып, ота жасаушыларға аса қажетті бірнеше міндетті шешуге сеп. 

Медициа мамандары рентгенологиялық жабдықтың суреттері тұнық, проекциясында ешбір ауытқу жоқ екенін баса айтты. Әрі сынық орнын түрлі бұрыштан түсіріп, қолдануға ерекше ыңғайлы. Жабдықтың визуализациясы толыққанды, қолдануға ыңғайлы, реттеу тетіктері икемді. Бұл диагнозды нақты қойып, емдеу шараларын дұрыс жүргізуге сеп. Жабдық ең соңғы технологияларды пайдалана отырып сапалы жасалған. Алдағы уақытта ол диагностиканың шұғыл әрі дәл болуына септесіп, науқастарды жылдам емдеуге сеп болуы керек.

– Ақсу қаласындағы ERG кәсіпорындарында бүгінде 10 мыңға адам еңбек етіп жүр. Біз олардың отбасы мүшелеріне де қамқор болуымыз керек екенін ескерсек, мұны тіптен 3 есеге көбейтуге болады, - деді Eurasian Resources Group-тің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов. – Бізге денсаулық сақтау мәселелері ерекше маңызды. Сондықтан, «туған қалаларымызда» медициналық нысандарды үнмеді қолдап келеміз. Жаңа рентген жүйесі бүкіл өңір тұрғындарының денсаулығына оң әсер етеді деген үміттеміз.

ERG қызметін бастағалы бері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. ERG-дің кәсіпорындары орнласқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі – 310 мрлд теңгеге жуықтады. Жергілікті жерлердегі әкімдіктер мен ERG арасында жыл сайын жасалатын әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудағы өзара серіктестік туралы меморандумдардың жалпы сомасы бүгінде – 95  млрд теңгеден асып жығылды.

ERG республикалық деңгейде де қайырымдылық бастамаларын тұрақты қолдап, Астанадағы ірі нысандарды салуға қомақты қаражат бөліп келді. Олардың қатарында: Астана Опера театрын, Назарбаев Университет, Ботаника бағы және т.с.с атап айтуға болады.