Білім ордасында мүлдем стадион болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. Футбол алаңы ERG компаниясы мен Павлодар облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында салынды. ERG компаниясы Абай атындағы ЖОББМ аумағын абаттандырып, спорт алаңы мен стадион кешенін салуға демеуші болып,129,6 миллион теңгеге қаржы бөлді.
– Ақсу қаласының Абай мектебі үшін көптен күткен ерекше күн. 14 жыл өз алаңы болмаған мектепке стадион салу – инфрақұрылымды жақсартудағы қадам ғана емес, сонымен қатар біздің болашаққа қосқан үлесіміз. ERG балалардың бос уақыттарың тиімді өткізе алатын кеңістікті салуға өз үлестерін қосқанын мақтан тұтады. Бұл алаң жаңа спорттық жетістіктер мен қуанышты сәттердің орнына айналады деп сенеміз, – деп атап өтті Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясының экономика және бақылау жөніндегі директоры Данияр Әбдіқадыр.
2010 жылы құрылған Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде бүгінгі таңда 1-11-сыныптарда 1857 оқушы білім алады және оларға 139 педагог білім береді.
– Мұндай игілікті істің куәсі болып отырғанымызға сене алмай отырмыз. Демеушілердің арқасында ірі дүниелердің салынып, елді қуантып жатқандарын ірі қалалардан ғана көріп, таң қалатын едік. Қазақтың «құлақ естігенді, көз көреді» деген сөзі тегін айтылмаса керек. Осы мектепте білім алып жүрген барлық оқушылардың ата-аналарының атынан алғыс білдіреміз, – деді қала тұрғыны Қалижан Ахметұлы.
Спортқа бейім мектеп оқушылары да дән риза. Олар бұл стадионды көптен күткендерін айтады. Мектептің футбол командасы – облыстық, республикалық турнирлердің жеңімпаздары. Жаңа стадионның қақпасына алғашқы голды мектептің 11-сынып оқушысы Мирас Таждаулетов салды.
– Жаңа стадионда жаттығу, ойнау өте керемет сезім сыйлайды. Біз өте қуаныштымыз. Енде көбірек жаттығулар жасап, шынығып, алдағы жарыстарда биіктен көрінсек дейміз. Жауапкершіліктікті сезінеміз, – дейді Мирас Таждаулетов.
Айта кетейік, ERG корпорациясының Қазақстандағы 30 жылға жуық қызметі барысында қайырымдылық және демеушілік жобаларға 1 млрд доллардан астам қаражат бөлген.
Әлеуметтік маңызы бар оқиғалардан Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы, «Қазхром» Транс Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамы да тыс қалмайды.
Биыл ынтымақтастық меморандумы аясында корпорация Ақсу қаласының спорттық-сауықтыру кешеніндегі спорт залын жөндеуге, «Туған қала» жобасын жүзеге асыруға, Ақсу қаласының қалалық мешітін, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қаласындағы шіркеуді күтіп-ұстауға қаржы бөлді. Сонымен қатар, ERG қатысатын өңірлерде білім беруді тұрақты дамыту саласындағы жобаларды қаржыландыруда. «Колледждерге арналған ERG» жобасы аясында Ақсу қара металлургия колледжінде материалдық-техникалық базасын дамытуға, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне материалдық-техникалық базасын дамытуға көмек көрсетілді. Оған қоса, кәсіпорын Ақсу қаласының Астана, Әуезов, Ленин көшелерін жарықтандыру желілерін қайта жаңартты.