Eurasian Resources Group (ERG) Павлодар облысы әкімдігімен меморандум аясында Ақсу қаласындағы Абай атындағы орта мектепке арналған заманауи стадионның құрылысын аяқтады. Аумақты абаттандырып, спорт кешенін салу жобасын іске асыруға 129,6 млн теңге бөлінген.
– Бүгін Абай атындағы мектеп үшін өте маңызды күн. 14 жыл бойы мектептің жеке футбол алаңы болған жоқ. Стадионның ашылуы – бұл инфрақұрылымды жақсарту ғана емес, болашаққа инвестиция салу, – деді ERG құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Экономика және контроллинг жөніндегі директоры Данияр Әбдіқадыр. – Компания оқушылар дамып, жаңа спорттық биіктерге жете алатын кеңістік құруға үлес қосқанына қуанышты.
2010 жылы құрылған Абай атындағы орта мектепте 1857 оқушы оқиды және 139 педагог жұмыс істейді. Оқушылардың өздері жаңа стадионға қуанышты. Оқу орнының футбол командасы бірнеше рет облыстық және республикалық турнирлердің жеңімпаздары атанған. Балалар енді жаңартылған алаңда жаттығуға мүмкіндік алды. Жаңа алаңдағы алғашқы голды 11 сынып оқушысы Мирас Тажаулетов соқты.
– Жаңа стадион – жаттығудың тамаша шарттары ғана емес, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Біз өз мектебімізді абыройын арттыру үшін одан да көп күш салуға дайынбыз, - дейді Мирас.
Еуразиялық Топ «туған қалаларын» дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді қолдайды. Соңғы үш он жылда ERG бүкіл Қазақстан бойынша демеушілік және қайырымдылық жобаларына миллиард доллардан астам қаражат салды. Биылғы жылы ынтымақтастық туралы меморандум аясында компания Ақсу спорт залын жөндеуге, "Tugan qala" жобаларын іске асыруға, аймақтағы мешіт пен шіркеулерді қолдауға, сондай-ақ "ERG rолледждерге" бағдарламасы аясында Ақсу өңірінің оқу орындарының материалдық-техникалық базасын дамытуға қаражат бөлді.