29 Қазан 2024

Eurasian Resources Group Астана қаласындағы көпсалалы №1 арухананың комбустиология бөліміне жаңа жабдықтар сатып алып берді

Eurasian Resources Group (ERG) күйіп қалған науқастардың терісін алмастыру үшін қолданылатын арнайы жабдық – дерматом сатып алуға қаражат бөлді. Заманауи, жоғарытехногиялық медициналық жабдықтың құны – 12,3 миллион теңге.

Астанадағы бұл комбустиология бөлімшесіне жыл сайын еліміздің әр тарабынан денесін күйік шалған 200-ден астам науқас жеткізіледі. Олардың басым бөлігіне тері қабатын шұғыл ауыстыру қажет болып жатады. Бұл – косметология емес, адамның ерекше маңызды мүшелерін сақтап қалу үшін керек.

Сымсыз Humeca дерматомы – тері-пластикалық оталарға, тері трансплантаттары мен дененің некротизленген жабындысын сылып тастау сынды медициналық шараларға керекті барынша жетілдірілген заманауи құрал. Жаңа дерматом хирургке барынша ыңғайлы, сылынатын тері қыртысының қалыңдығын белгілеуге, ұстара жүзін қауіпсіз әрі жылдам ауыстыруға сеп. Аспап жүзін залалсыздандыруға арналған 4 арнайы бокс, электр кернеуі мен қуатынан қорғау жүйесі бар. Оның үстіне аккумуляторы қуатты. Сәйкесінше,  жиі қайта қуаттауды қажет етпей, ұзақ уақыт жұмыс істей беруге ыңғайлы.

– Бұл Еуразиялық Топтың алғашқы көмегі емес. Бірнеше жыл бұрын бұл компания біздің бөлімшеге ультрадыбыстық диссектор сатып алып берген. Ол зақымдаған тері мен жара орнын тазартып, операциялық ем жасауға кеңінен қолданылып келеді. Өз кезегінде бұл адам ағзасының тез қалпына келуіне сеп. Одан бөлек, электрокоагулятор жеткізген. Ол тіліктің тереңдігі мен тілінген аумақта жұмыс істеуді жеңілдетті. Әрі біздің бөлімше мамандарының біліктілігін арттыру ісіне де көп үлес қосты,- деді комбустиология бөлімшесінің аға ординаторы Павел Кутняков.

– Компаниямыз денсаулық сақтау саласын қолдай отырып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға нақты іспен үлес қосуға талпынады. Медициналық көмектің сапасы қаншалықты маңызды екенін жете түсініп, медициналық инфрақұрылымды жаңартуға септесіп келеміз. Топ биыл бұл мақсаттарға 300 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді. Бұл тек біздің қызметкерлеріміз ғана емес, жалпы Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға талпыну,- деді Eurasian Resources Group-тің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов.

Астанадағы аурухаға тері алмастыру аппаратынан бөлек, биыл компания Ақсу қаласының (Павлодар облысы) аруханасына рентгенаппарат, Ақтөбедегі емханаға заманауи эхокардиография аппараттары мен күйік шалған науқастарға арналған төсек тарту еткен. Рудный қалалық ауруханасына да жаңа медициналық жабдықтар жеткізіліп, медициа мамандарының біліктілігін арттыру және т.с.с. шараларға қаражат бөлді.

ERG қызметін бастағалы бері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. ERG-дің кәсіпорындары орналасқан өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі – 310 мрлд теңгеге жуықтады. Жергілікті жерлердегі әкімдіктер мен ERG арасында жыл сайын жасалатын әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырудағы өзара серіктестік туралы меморандумдардың жалпы сомасы бүгінде – 95  млрд теңгеден асып жығылды.