30 Қазан 2024

24.kz 29.10.24 – ERG компаниясы Ақтөбе облысында судан зардап шеккендерге 40 млрд теңге бөлген

«ERG» компаниясының акционерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында 40 млрд теңге қаржы бөлген.

Мәселен, тек Ақтөбе облысының өзінде жалғыз баспанасы қираған жандар үшін 292 үй салынды. Бұдан бөлек 191 отбасыға нарықтағы дайын үйлер сатып алынды. Қазір тасқын салдарынан далада қалған тұрғындардың барлығы жаңа қонысқа жайғасып үлгірген. Ойыл ауданының Қаратал ауылы тұрғыны Гүлхан Қауметованың саманнан қаланған ескі үйін тасқын санаулы минутта қиратып өткен. Адамдар құтқарушылар жеткенше қызыл судан мектеп ғимаратында бас сауғалады. Шағын ауылдағы жүзден астам үй қирап қалған еді. Жер аяғы кепкен соң елді мекенде құрылыс қарқынды түрде қолға алынды. 

Гүлхан Қауметова, Ойыл ауылының тұрғыны: - Менің қолыма бұл ақшаны берсем мен мұндай етіп үй саламын деп айта алмаймын. Себебі біз ақшаны жұмсағымыз келеді алғаннан кейін. Қаншама цемент, қаншама материалдар бәрін әкеліп салды. Жолдасыма да, маған да ұнады. Бәрі жақсы. Ризамыз. Рахмет көп-көп сіздерге.  «ERG» компаниясы бөлген қаражатқа Ойыл ауданында 172 баспана тұрғызылды. Ал Ырғыз ауданында 120 үй бой көтерген. Бұдан бөлек нарықтан 191 пәтер мен үй сатып алынды. Тасқын кезінде акционерлік қоғам құрамындағы мекемелерге тиесілі түрлі техника да тасқынмен күреске жұмылдырылған болатын. «ERG» волотерлері болса құтқарушылармен иық тіресе көмекке келді. 

Сергей Прокопьев, "Казхром" ТҰК" АҚ Бас директоры: - Біздің компания алғашқы күннен бастап табиғи апаттың салдарын мейлінше азайтуға күш салды. Бірінші кезекте біздің волонтерлердің еңбегін айта кеткім келеді. «Қазхром» компаниясы ғана емес, Еуразиялық топ құрамындағы барлық белсенді жан тәулік бойы еңбек етті.  Қарғын судан зардап шеккен өңірлерге компания 40 млрд теңге қаржы бөлді. Батыс Қазақстан облысында да жалғыз баспанасынан айырылған тұрғындарға арнап 489 үй салынды. Ал Қостанай облысында қаражат дайын үйлерді сатып алуға жұмсалған.

дереккөзі