Машина жасау саласының көшбасшылары серіктестік туралы меморандум жасасты

ERG құрамындағы ERG Service-ке отандық машина жасаушы компаниялар мен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының өкілдері арнайы келген. Сала көшбасшылары Павлодарда серіктестік туралы меморандум жасасып, өндірістегі отандық үлесті ұлғайту мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.

Тамыз айында ERG мамандары «Қазақмыс» пен «Казцинк» кәсіпорындарына барып, қазақстандық кәсіпорындар арасындағы серіктестікті нығайту жолдарын қарастырған. Осы жолы меймандар ERG Service құрамындағы Павлодар машина жасау зауытының өндіріс алаңдарымен танысты. Түрлі мақсаттағы жүк көтеру жабдықтары мен металл құрылымдарын жасайтын  кәсіпорын ел аумағы мен шетелдерге де кеңінен танылған. Мұндағы құю механикалық цех стандартты емес жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жасайды. Құймадан бастап, механикалық өңдеу мен дайын өнімге дейінгі өндірістің барлық циклін толық қамтыған. ПМЗ-ның құю механикалық цехы ERG кәсіпорындарының қажеттілігіне қарай, жыл сайын 10-нан астам жаңа өнім түрін меңгереді.

Меймандар Павлодар машина жасау зауыты қолға алған мосылы крандарды біріздендіру жобасына ерекше қызығушылық танытты. Сесбебі бұл бастама тек зауытағы өндімділікті арттыруға септесіп қана қоймай, крандарды пайдалану шығындарын да азайтуға сеп. Бұл нарықтағы бәсекелі артықшылыққа айналуы мүмкін.

- Мосылы крандарды біріздендіру бастамасын көліктің бір моделін алуан түрлі конфигурацияда шығарумен салыстыруға болады. Жобаның мақсаты – жабдықты стандартқа келтіріп, істі оңтайландыру. Бұл оның тиімділігі мен сенімділігін арттырады. Оның қосалқы бөлшектерін біріздендіру жабдыққа техникалық қызмет көрсету уақытын қысқартып, қосалқы бөлшектер шығынын азайтады. Оның үстіне персоналды оқыту ісі де жеңілдейді. Қызметкерлер жұмыс сапасы мен қауіпсіздікке қатер төндірместен крандардың бірнеше типін басқара алатын болады,-деді ERG Service Павлодар машина жасау зауытының директоры Евгений Ивченко.

"Казцинкмаш" ЖШС директоры Александр Анчугин серіктестікке мүделлі екенін білдірді: «Біз бүгін ERG Service пен өзара әріптестіктің бірнеше тамаша мүмкіндігін көрдік. Бізге әсіресе технологиялық шөміштер мен крандар қызықты. Олар біздегі өндіріске пайдалы болуы мүмкін. Өз өнімдеріміз арасынан да ERG кәсіпорындарына ұсынарымыз бар. Бірлескен жұмыстың тиімділігін арттырар тұстар табыларына сенімдімін».

Кәсіпорынды аралап болған соң жетекшілер стратегиялық серіктестік перспективаларын талқылап, осыған дейініе уағдаластықты іске асыру жайын талқылады. Жаһандық қатерлер жағдайында өзара серіктестіктің маңызын баса айтып, өндірістегі қазақстандық қамту үлесін арттыру саланың орнықты дамуына септесеріне тоқталды.

- Мұндай серіктестік жергілікті жердегі өндіріс қуатын нығайтып, осындағы өндірушілерді қолдауға және кадрлық потенциалды күшейтудің теңдессіз мүмкіндіктерін ұсынады. Меніңше бұл – отандық машина жасау мен металлургия саласын дамытуға тікелей ықпал етеді,- деді «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабылов.

Кездесу қорытындысында көшбасшылар өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжат өнімдердегі қазақстандық қамту үлесін арттыру мен осы бағыттағы өзара әріптестікті көздейді. Ол ұзақмерзімді серіктестік пен отандық өндірісті дамту, импорттық өнімге тәуелділіктен арылуға бағытталған.

- Біз өзіміз еңбек етіп келе жатқан саладағы қазақстандық серіктестермен байланысты нығайтуға әрдайым даярмыз. Біздің осы саладағы тәжірибеміз мен құзіреттеріміз сапа мен сенімділікті қамтамасыз етеді. Импортты алмастыру бағдарламаларын бірлесе іске асыру елдің өнеркәсіп кешені үшін ерекше маңызды. Меморандум елішілік құндылықты дамыту бағытыдағы бірлескен жұмысты жемісті етуге сеп боларына сенімдімін,- деді «ERG Service» ЖШС Бас директоры Сергей Перепечин.

ERG елішілік құндылықтарды дамыту ісін жүйелі жүргізіп келеді. ERG-дің жыл сайынғы сатып алуларының жалпы көлемі – 1,7 трлн теңгеге жуықтайды. Өткен жылдың қорытындысында ондағы отандық тауарөндірушілер мен қызмет ұсынушылардың үлесі – 68%.  

ERG 2020 жылы импортты алмастыру бағдарламасын қолға алған. Оның аясында кез келген қазақстандық өндіруші біздің елде өндірісін ашып, жолға қойғысы келетін тауар немесе тауарлар түрін атап көрсетіп, өтінім бере алады. Өтінім қолдау тапса, ERG бұл компаниямен ұзақмерзімді шарт немесе оффтейк-келісімін жасаса алады. ERG-дің Коммерция орталығы 2020-2023 жылдар аралығында бұрын шеттен алынып келген 2 млрд теңгелік 174 тауар түрін отандық тауарөндірушілерден сатып алып, импортты алмастырған. Қазір бағдарламаға енген тауарлар тізімінде 19 мың өнім түрі бар. Олар түгелдей дерлік – импортталатын өнім. Яғни, Қазақстанда осы түрлерінің өндірісін жолға қою мүмкіндігі бар.