15 Қараша 2024

Хромтау ауданының су қоймасына 75 мың шабақ жіберілді

Хромтаудан он бес шақырым жердегі Абай ауылының маңындағы Ойсылқара су қоймасына жетпіс бес мың алтын түсті тұқы шабағы жіберілді. ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты мен «ERG Capital Projects» ЖШС-ның қызметкерлері балық ресурстарын қайта қалпына келтіру қамындағы компенсациялық іс-шаралар шеңберінде тағы бір экологиялық акция – балық қорын толықтыру шарасын осылай жүзеге асырды.

Ойсылқара су қоймасы – Қарғалы және Ақтөбе су қоймаларынан кейін Ақтөбе облысындағы үшінші ірі су қоймасы. Оның жобалық көлемі – 22 миллион текше метр. Бөгетті қала құраушы кәсіпорын – Дөң тау-кен байыту комбинаты салып, кәсіпорын 2010 жылы нысанның бірінші кезеңін іске қосқан. Су қоймасын салтанатты түрде іске қосу барысында аудан ақсақалдары жаңа су қоймасына алып тұқы балығын жіберген еді. Қазір Ойсылқара – балықшылардың сүйікті орны. Бұл жақта тұқы да, шортан да бар.

– Компания қоршаған ортаға тек өндірісте немесе санитарлық қорғау аймақтарында ғана емес, сонымен қатар туған қалалардың табиғи ресурстарын қорғауды да басты назарда ұстайды. Бұл ретте тал егу, жақын маңдағы су қоймаларын балыққа толтыру, - деді Дөң тау-кен байыту комбинаты қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Диана Истекова. – Су қоймасындағы балық қорын осымен екінші рет толықтырып отырмыз және олардың  бейімделіп кетеріне сенімдіміз.

Шабақтар Қарағандыдағы балық өсіретін орыннан арнайы ауа өткізетін машинамен жеткізді. Ауа-райы  оларды бері қарай жеткізуге және жаңа мекеніне жіберуге кедергі келтірмеді. Тұқылар ветеринарлық бақылаудан өтті және барлық қажетті анықтамалары бар.

Сондай-ақ «Қазхром»  2015 жылдан бері Ақтөбедегі Елек өзеніне балық жіберу жобасын жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде өзеннің балық қоры 400 мыңнан астам шабақпен толыққан. Соның ішінде соңғы 46 мың шабақ балық инспекциясы белгілеген ескі земснаряд  ауданына жіберілді.