15 Қараша 2024

egemen.kz 14.11.2024 – Сынақтан сүрінбей өткен кәсіпорын

Елімізде жылына 400 мың тонна арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Кәсіпорын құрамында төрт кокс пеші, көмір беретін және кокс түсіретін конвейерлер, газ тазартатын жабдықтар, гудрон бөлу және сақтау алаңы, өнімді жөнелтуге арналған теміржол төсеніштері бар. Кокс металды балқытады.

Жаңа зауытта өндірілген өнімді Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары пайдаланып отыр.

«Шұбаркөл көмір» АҚ іске қосқан жобаға бу қазандық­тары мен аммиак суын бей­та­рап­тандыруға арналған қондыр­ғылар да кіреді. Құрылысы 2021 жылы басталған зауыт 2023 жылы өнім шығара бастады. Қыс жақындаған сайын зауыт оның жабдықтарының қауіпсіздігіне, өнімділігіне және сенімділігіне әсер ететін бірқатар маңызды қиындыққа тап болатын.

«Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың маусым-шілде айлары аралығында зауыт жұмысы тоқтатылды. Бұл шараларды жүзеге асыру зауыт өнімділігін, сенімділігін және қауіпсіздігін айтар­лықтай арттырды. Сол мезетте қабылдау сынақтары жүргі­зіліп, зауыт жобалық өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді», дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

Толық жобалық қуатында іске қосылған жаңа зауытта бүгінде 130-ға жуық жұмысшы еңбек етіп жүр. «Шұбаркөл көмір» АҚ іске қосқан жобаға бу қазандық­тары мен аммиак суын бей­та­рап­тандыруға арналған қондыр­ғылар да кіреді. Құрылысы 2021 жылы басталған зауыт 2023 жылы өнім шығара бастады. Қыс жақындаған сайын зауыт оның жабдықтарының қауіпсіздігіне, өнімділігіне және сенімділігіне әсер ететін бірқатар маңызды қиындыққа тап болатын.

«Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың маусым-шілде айлары аралығында зауыт жұмысы тоқтатылды. Бұл шараларды жүзеге асыру зауыт өнімділігін, сенім­ділігін және қауіпсіздігін айтар­лықтай арттырды. Сол мезетте қабылдау сынақтары жүргі­зіліп, зауыт жобалық өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді», дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.

дереккөзі