27 Қараша 2024

Eurasian Resources Group субкелісімшарт биржасында 2 млрд. теңгеден астам сомаға ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойды

Eurasian Resources Group (ERG) QazIndustry және елдің тау-кен металлургия саласының басқа да ірі компанияларымен тау-кен металлургиялық машина жасау орталығын құру туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Eurasian Resources Group Коммерциялық орталығының өкілдері Субкелісімшарт биржасы-2024 шарасына қатысты. Астанада ірі өнеркәсіптік компаниялар, отандық тауар өндірушілер мен мемлекеттік органдар бір алаңға жиналды. Кездесуді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы (ҚИЭО) ұйымдастырды.

Биржаның мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдерінің ірі отандық компаниялармен өнім өндіру және жеткізу мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатуына жағдай жасау.

– Мемлекет басшысы реттелетін сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыруды және офтейк-келісімшарттар жасасу тетігін толыққанды іске қосуды тапсырды. Еліміздің ірі бизнес төңірегінде шағын және орта кәсіпорындар белдеуін дамытуға зор мүмкіндігі бар. Ірі құрылымдар жергілікті компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуы қажет. Бұл тауар өндірушілерімізге өндірістік қызметін ұзақ мерзімге жоспарлауға, жаңғыртуға қаржы салуға, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға жол ашады, – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Шара аясында QazIndustry, «Қазақмыс», «Қазцинк» және Eurasian Resources Group арасында тау-кен металлургиялық машина жасау орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ҚИЭО базасында бірыңғай талдау орталығын құруды көздейді. Орталық «сатып алуларды талдау, ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар жасасуға көмектесу, сондай-ақ жаңа өндіріс түрлерін жергіліктендіру» бойынша маңызды алаңға айналмақ.

– Субкелісімшарттар биржасы – ТКМК кәсіпорындары мен қазақстандық тауар өндірушілердің ынтымақтастығы үшін маңызды алаң. Серіктестермен тұрақты байланыс жасау арқылы мемлекет басшысы қойған міндеттерді – импорт алмастыруды дамыту, өңдеу өнеркәсібін нығайту және шағын-орта кәсіпкерлікті қолдау мақсаттарын жүзеге асырамыз, – деді ERG Коммерциялық орталығының бас директоры Руслан Мүлікбаев.

Биржада ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер 5 млрд. теңгеден астам сомаға ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттарға қол қойды. Бұл тау-кен және жерасты техникасына қосалқы бөлшектер, панельдер, құбырлар, тігін өнімдері, төсек-орын жабдықтары және эмаль сымдарын жеткізуді қамтиды. ERG «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-мен 2 млрд. теңгеге эмаль сым сатып алу және AZALA Textile компаниясымен 300 млн. теңгеден астам сомаға тігін өнімдері мен төсек-орын жабдықтарын сатып алу туралы ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасты.

Биржа соңында іскерлік алаңда B2B-кездесулер өтті. Онда шағын-орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен өнім өндіру, жеткізу және байланыс орнату мәселелерін талқылады.

ERG сатып алуда отандық өнімге жүйелі түрде басымдық беріп келеді. Өткен жылғы сатып алу көлемі 1,7 трлн. теңгеге жетті, оның 68%-ы – отандық өндірушілер мен қызмет жеткізушілерден.

2020 жылдан бері ERG-де импорттың орнын басу жөніндегі мерзімі шектеусіз бағдарлама жұмыс істейді. Бағдарлама қазақстандық өндірушілерге елімізде тауар өндіруге өтінім беруге жол ашады. Өтінім мақұлданса, ERG компаниямен ұзақ мерзімді келісімшарт немесе офтейк-келісім жасайды. 2020-2023 жылдары ERG Коммерциялық орталығы бұрын шетелден сатып алынған 174 түрлі тауарды 2 млрд. теңгеден астам сомаға отандық өндірістен ала бастады. Қазір бағдарлама аясында 19 мыңға жуық тауар түрі қарастырылған. Бұл өнеркәсіптегі импорттың басым бөлігін қамтып, оны Қазақстанда өндіруге мүмкіндік береді.

Биыл ERG отандық өндірушілермен 100 млрд. теңгеден астам сомаға 248 ұзақ мерзімді келісімшарт және 23,9 млрд. теңгеге жуық сомаға 30 офтейк-келісім жасасты.