ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты төртінші балқыту цехында үшінші кептіру желісінің құрылысын аяқтады. Тотықсыздандырғыштарды дайындауға арналған қосымша учаске пештердегі жүктемені азайтады және олардың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Жаңа өндірістік учаске кәсіпорынды көміртекті феррохромды алу үшін қажетті қосымша құрғақ материалдармен №4 балқыту цехының барлық төрт пешін қамтамасыз етеді. Желінің өнімділігі – тәулігіне 735 тонна спецкокс.
- Біз №4 балқыту цехының барлық төрт пешін жобадан артық қуатқа шығарған кезде, цехтың инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеру қажеттілігі туындады. Сондықтан кептірудің үшінші желісі – біздің кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі, - деп атап өтті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.
Жаңа желіні жобалау және салу екі жылға созылды, оған 180-ден астам маман, соның ішінде ERG мердігерлері мен басқа кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.
- Ұзақ мерзімді орнықты дамуды қамтамасыз ете отырып, біз қазақстандық ферроқорытпа саласының әлемдік нарықтағы көшбасшылығын қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастырамыз, - дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. - Жаңа учаскенің құрылысы өнімділікті арттырып қана қоймай, бірқатар міндеттерді шешеді. Мұнда ERG-дің тағы бір кәсіпорны – «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның спецкоксы өңделетін болады. Бұл импорттық тотықсыздандырғышты алмастырып, импортты алмастыру бағдарламасын қолдап қана қоймай, техникалық-экономикалық көрсеткіштерімізді жақсартып, шығындарды азайтады және бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады
Қазхром Ақтөбе ферроқорытпа зауытында кептірудің үшінші желісін салуға 14,4 миллиард теңге инвестиция салды.