Eurasian Resources Group (ERG) заманауи көпсалалы SalesMarket.kz сауда алаңын іске қосты. Платформа топ кәсіпорындары мен елдің басқа да өнеркәсіптік компанияларының техника, жабдық, қойма қалдықтары мен бейінді емес активтері сияқты сұранымсыз тауарларын сатуға арналған.
SalesMarket.kz – ERG-дің Business & Technology Services (BTS) IT-командасының сыртқы нарыққа бағытталған алғашқы өнімі. Ол компанияларға активтерді тиімді басқаруға, ал сатып алушыларға аукцион арқылы тауар сатып алудың қарапайым, ыңғайлы әрі ашық құралын ұсынады.
– Активтерді тиімді басқару – негізгі құралдарды, сұранысы жоқ тауарлар мен бейінді емес мүлікті өткізу стратегиямыздың басты бағыттарының бірі, – дейді «ERG Sales Kazakhstan» ЖШС бас директоры Марат Шопанов. – Sales Market құралы сұранысқа ие емес қойма қорларын азайтуға, ал сатып алушыларға тауарларды тиімді бағамен алуға мүмкіндік береді. Жобаны BTS командасымен бірге заманауи маркетплейстер тұжырымдамасы бойынша жүзеге асырдық. Бұл тәсіл саладағы әріптестерімізге алғашқы кезеңнен-ақ біздің құралды пайдалануға мүмкіндік берді. «Қазақмыс», «Қармет» сияқты компаниялар біздің алаңға кіріп, сынақ режимінде өздерінің сұранымсыз тауарларын ұсына бастады.
Sales Market кімге арналған? Кімдер қолдана алады?
Sales market пайдаланушылары – бұл аукцион қатысушылары, сатушылар және сатып алушылар.
Сатушылар – ERG кәсіпорындары, аукциондық сауда-саттық арқылы өз тауарларын сатуға мүдделі басқа өнеркәсіптік компаниялар.
Сатып алушылар – тауар алуға ниетті жеке және заңды тұлғалар.
Сатып алушы қандай тауарлар таба алады?
Платформада мынадай санаттар бар:
Жеңіл автокөліктер
Арнайы техника (экскаваторлар, автосамосвалдар, бульдозерлер, тиегіштер және т. б.)
Теміржол техникасы (тепловоздар, вагондар, думпкарлар және т.б.)
Жабдықтар (ұсатқыштар, електер, білдектер және т.б.)
Қойма қорлары (өтімсіз тауарлар)
Бейінді емес активтер (коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүліктері, өнеркәсіптік объектілер, жер учаскелері және т.б.)
Түсті және қара металдардың сынықтары.
Қалай пайдалануға болады?
AppStore немесе Google Play. –дан qollab мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.
qollab қосымшасын ашып, «Кіру» қойындысына өтіп, «Қонақ ретінде жалғастыру» тармағын таңдаңыз.
Телефон нөміріңізді енгізіңіз. Сізге келген SMS-тегі кодты енгізіңіз.
Сұралған деректерді толтырыңыз. Құттықтаймыз! Сіз қолданушы ретінде тіркеліп, qollab басты бетіне кірдіңіз.
Аукциондарды qollab қосымшасы немесе SalesMarket.kz веб-нұсқасы арқылы шектеусіз қарай аласыз. Ал тауар сатып алу үшін qollab қосымшасына кіріп, Sales Market-те тіркелу қажет.
Мұны қалай жасауға болады?
1. Компьютерде SalesMarket.kz ашыңыз.
2. «Кіру» батырмасын басып, QR кодын сканерлеңіз. Мұны телефонның камерасы немесе qollab қосымшасының басты бетіндегі «QR бойынша іздеу» сервисі арқылы жасауға болады.
3. Бұдан бөлек тіркелу үшін «Аукциондар» қойындысы арқылы немесе кез келген аукционның ішінде ставка жасай отырып, кіре аласыз.
4. Деректерді толтырыңыз, қалаған аккаунт түрін таңдаңыз, шарттарды қабылдаңыз – осылайша тіркелуді аяқтадыңыз!
Барлық ақпарат аукционда жеңіске жеткен жағдайда келісімшарт жасасу үшін пайдаланылады.
– Бұрын қолданыста болған техника мен жабдықты аукцион арқылы сату ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару стандарттары) мақсаттарына қол жеткізуге айтарлықтай септеседі, – дейді Марат Шопанов. – Техниканы қайта пайдалану қалдықтар көлемін азайтып, жаңа тауарлар өндіру қажеттілігін төмендетеді, бұл өз кезегінде көміртегі ізін азайтады.
Сонымен қатар аукциондық сауда-саттық шағын және орта кәсіпорындарға сапалы жабдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Аукциондардың бәсекелік ортасы корпоративтік басқаруды ашық етіп, компанияларға деген сенімді арттырады. Осылайша, аукциондық сауда-саттық сатушыларға керек емес жабдықтан пайда табуға көмектесіп қана қоймай, компаниялардың тұрақты дамуы мен әлеуметтік жауапкершілігін нығайтады.
– Шешімді іске асыру барысында адалдық пен ашықтықты басты ұстаным еткен аукциондармен жұмыс істедік, - дейді Бас директордың ІТ және цифрландыру жөніндегі орынбасары Еркен Шназбаев. – Мұндай жүйелерде аукцион аяқталғанша ешкім бағаларды көре алмауы керек, бұл қауіпсіздік пен техникалық шешімдерге қатаң талаптар қояды. Бұл ҚР-дағы ірі сауда алаңдарымен тең дәрежедегі күрделі жоба еді. Жоба командасы шағын болса да, біз бұл міндетті сәтті атқардық.
*qollab – ERG-дің цифрлық қызметтер экожүйесі. Қосымшада корпоративтік портал, өндірістік және кеңселік міндеттерді орындауға арналған жұмыс кеңістігі, ішкі әлеуметтік желі, ERG-дің 60 мыңнан астам қызметкері үшін жеке кабинеттер бар. SalesMarket.kz – qollab платформасындағы сыртқы пайдаланушыларға бағытталған алғашқы қызмет.