05 Желтоқсан 2024

Eurasian Resources Group үздік серіктестерін марапаттады

Eurasian Resources Group биыл осымен бесінші мәрте, мерейлі Supplier Award салтанатын өткізіп, компанияның үздік бизнес серіктестеріне марапат табыстады. ERG кәсіпорындарына өнім жеткізген, жұмыс пен қызметтерін ұсынған барлық жеткізушілер түгел байқауға автоматты түрде қатысады. Олардың қай жерде орналасқаны маңызды емес. Белгіленген әр аталымда сапа мен баға үйлесімін, жеткізілім мерзімдерін қатаң сақтап, мойнына алған міндеттерін мүлткісіз атқарған жеткізушілер «жеңімпаз» болады.

Сәні мен салтанаты жарасқан келелі кездесуде осыған дейін атқарылған жұмыс қорытындыланып, келешектің жоспарлары сөз болды. ERG Supplier Award аясында «ESG-дің маңызы мен жергілікті қамтуды дамыту» тақырыптарында панельдік пікірталас сессиясы ұйымдастырлды.

 - Бүгінде бизнеске заман талабындағы трендте болу маңызды. Өйткені, бүгінде компания бір салада озық болса, ертең ол көрсеткіш міндетті талапқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан, жұмысымыздың маңызды қаиғаттарын кеңінен тарқатып айттық. Біз дамып, серіктестеріміздің де дамуына септескіміз келеді. Бизнестің биік стандарттарына ұмтылыс өзаратиімді серіктестікті нығайтып, қос тараптың да гүлденуіне ықпал етеді, - деді ERG Коммерция орталығының бас директоры Руслан Мулюкбаев

ERG Supplier Award марапатын ұйымдастырудағы басты мақсат – Топ пен кәсіпорындарының серіктестері арасындағы сенімді, жұмысын мінсіз атқаратын, жоғары кәсіби біліктілік танытып жүргендерді. Жүлде – компаниямен ұзақ жылдар бойы серіктес болып, сенімді ақтап келе жатқандарға алғыс.

Арнайы марапат тағайындап, тапсыру туралы бастаманы Еуразиялық Топтың тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы орталықтандырылған операторы – «ERG Коммерция орталығы» көтерген. Осыдан 8 жыл бұрын құрылған серіктестік сатып алулардың операциондық тиімділігін арттырып, ERG кәсіпорындарының сатып алу процестерін жетілідірумен айналысады. Тек биылдың өзінде ЕRG Коммерция орталығы 1 665 млрд теңгеге тауар мен қызметтер сатып алған. Оның 62% қазақстандық компаниялардың еншісінде. Орталықтың басым бағыттарының бірі – отандық компаниялармен өзара әріптестікті нығайту.

ERG үшін басым бағыттардың бірі – отандық өндірушілерді қолдау. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, жеткізілімдер тізбегін қысқартып, шығындарды азайтып, жергілікті қауымдастықтың әлеуетін нығайтуға сеп.

 Мәселен, өткен жылдың қорытындысында 1,2 трлн теңгенің өнімі жергілікті өндірушілерден сатып алынды. Бұл – сатып аулалардың 68%. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есеге ұлғайған.

Одан бөлек, ERG биыл отандық өндірушілермен жалпы сомасы 61,3 млрд. теңгелік 118 ұзақмерзімді келісім шарттар жасасты. Отандық өндірушілермен 21,3 млрд теңгелік  30 оффтейк-контракт жасалған (импортты алмастыру бағдарламася аясында 35,6 млрд. теңгелік 59 оффтейк-контракт бар).

Сондай-ақ, ERG кәсіпорындары қазақстандық өндірушілермен әріптестік туралы 27 Меморандумға қол қойған. Мәселен, отандық кальцийленген сода өндірушілер (QAZAQ soda мен Арал сода), арнайы киім (AZALA Textile, Глобал-Спецодежда), кабель өнімдерін және т.б. жеткізушілірмен ұзақмерзімді келісім шарттар бар.

ERG-дің әлеуметтік жауапкершілігіне жеке тоқаталған жөн. Қызметкерлер қатарындағы әлеуметтік осал топтарға ерекше көңіл бөлінеді. Одан бөлек, Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі зағиптар мен саңыраулар қоғамдарымен де ұзақмерзімді келісім шарттар бар.

Өзі қызмет ететін тиісті бағыттардағы аталымдарда Топтың төмендегі серіктестері жеңімпаз атанды:

«Тау-кен жабдықтары» атылымындағы үздік жеткізуші – ПК «Казцинкмаш»;

«Сорғы мен сорғы жабдықтары» атылымында – «СЕЙВУР-ЛТД» ЖШС

«Энергетикалық жабдықтар» аталымында – «Таврида Электрик Астана» ЖШС

«Вагондардың қосалқы бөлшектері» аталымындағы – «Трибо» ЖШС

«Тау-кен өндіру техникасы» аталымында – «КОМЕК МАШИНЕРИ Казахстан» ЖШС

«Қаржылық серіктес» аталымында – «Partner Leasing» ЖШС

«Модульді ғимарат» аталымында – «СВС-Модуль» ЖШС

«Конвейерлік жабдықтар» аталымында – «БМХ РУС» АҚ

«Өлшем құралдары» аталымында – «НПП «Гамма» ЖШС

«Вентиляциялық жабдықтар» аталымында – «Дузен групп» ЖШС

«Металдар мен қорытпалар» аталымында – «Семейский Олово Литейный Завод» ЖШС

«Цемент» аталымында – «Каспий Цемент» ЖШС

«Технологиялық қолдау» аталымында – «Майнинг АРТ» ЖШС

«Резинотехникалық өнімдер» аталымында – ЖК «Максимов Владимир Иванович»

«Электродтар» аталымында – «Торгово-производственная компания "КазПром» ЖШС

«Құю өндірісі» аталымында – «УралЦветМетОбработка» ААҚ

«Жылжымалы құрамды жөндеу» аталымында – «Ремвагон» ЖШС

«Тасымал логистикасы» аталымында – «Шынғар Транс» ЖШС

«Sustainability Award» аталымында – «Эпирок Центральная Азия» ЖШС

«Металл бекітпелер әзірлеу» аталымында – «Каспий Плюс» ЖШС

Топтың серіктесі атанғыңыз келсе, толымды ақпаратты арнайы сатылым портанына таба аласыздар: torgi.erg.kz.