19 Желтоқсан 2024

ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысына жұмыс сапары аясында ССКӨБ-ке барды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің қызметімен танысты.

Бүгінгі таңда ССКӨБ Қазақстанның басқа тау-кен металлургиялық компанияларымен салыстырғанда ең ауыр жағдайда тұр. Геосаяси жағдайға және қолданыстағы санкцияларға байланысты кәсіпорын бірнеше өнім тұтынушылардан айырылған. Сонымен қатар, жыл бойы шикізатты жөнелту жағдайы да тұрақсыз. Бұл логистикалық мәселелермен байланысты болды. Сонымен қатар, ССКӨБ әлеуметтік жауапты компания ретінде өз қызметін тоқтатқан жоқ және тұрақты жұмыс үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

ССКӨБ келесі  өңдеуге және қосылған құны жоғары және нарықтық бәсекеге қабілеттілігі бар дайын тауар өнімін алу қарастырылуда. Бұл міндетті шешу үшін металл үлесі 93% төмен емес ыстық брикеттелген темір (ЫБТ) өндіретін жаңа зауыт салу жоспарлануда. Рудныйдағы Соколов карьерінің көру алаңында Премьер осы жобаны іске асырудың өзекті мәртебесі бар жол картасымен таныстырылды.

- Зауыттың жобалық қуаты – жылына екі миллион тонна ЫБТ. Инвестиция көлемі 500 млрд. теңгеден асады, 1 100 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаны іске асыру кестесі 4 жылды, - деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов.

Жаңа өндіріс металлургия, газ және аралас салаларға ғана емес, жалпы Қазақстан экономикасына да оң әсер етеді. Сондықтан, үкімет өз тарапынан жобаны қадағалап, қажет болған жағдайда, іске асыруға септесетін болады.

Олжас Бектенов ЫБТ – терең өңдеудің жаңа сатысы екенін атап өтті. Өнеркәсіп секторын стратегиялық кәсіпорындармен кеңейту – ел Президентінің тапсырмасы. Сондықтан Үкімет өз тарапынан осы жобаны іске асыруға бақылау жасап, қажет болған жағдайда көмек көрсететін болады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов сондай-ақ Рудный ЖЭО (ССКӨБ филиалы) барды. Онда жылыту маусымында Рудныйды сенімді жылумен қамтамасыз етудегі барлық қауіптерді болдырмау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстың ауқымы көрсетілді. Кәсіпорын директоры Василий Новоселов электр станциясында жүргізіліп жатқан жаңғыртулар мен жұмысы туралы баяндады:

- Мамандар станцияны кезең-кезеңімен қайта құрылымдауды көздейтін ERG-дің стратегиялық жоспарын әзірледі және іске асыруда. Бұл айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. Ағымдағы жылғы инвестиция сомасы - 30 миллиард теңге. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде негізгі және қосалқы жабдықтар жөнделді. Жылыту маусымына келетін болсақ, ол уақтылы басталады. Қоймада жылдың суық кезеңінің қысылмай өтуі үшін қажетті отын мен материалдар қоры бар.

Қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында электр станциясындағы түтін құбырларындағы эмиссияларға мониторингтің автоматтандырылған жүйесі (МАЖ) жобасы іске асырылуда. МАЖ тәулік бойы эмиссияларға мониторинг жүргізуге және технологиялық процестегі кез келген өзгерістерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.         

   Сапар қорытындысы бойынша Олжас Бектенов құзырлы ведомстволарға тиісті тапсырмалар берді.