26 Желтоқсан 2024

Eurasian Resources Group мен Eurasian Machinery стратегиялық серіктестік туралы меморандум жасасты

Бүгін Eurasian Resources Group пен Eurasian Machinery стратегиялық серіктестік туралы ресми меморандумға қол қойды. Әріптестер Shell жағармайларын пайдаланудың заманауи стандарттары мен жабдықтың ахуалына инновациялы технологиялық мониторинг енгізуге бірлесе күш салмақ. Серіктестік ERG-дің барлық дивизиондарындағы өндірістік алаңдарды түгел қамтиды. Бұл қатарда: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қашар кені» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ бар.

Бұл жоба өндірістегі тиімділікті арттыру, шығындарды қысқарту мен экологиялық орнықтылықты нығайту сынды өзгерістердің катализаторына айналмақ.

Қол қойылған меморандум талаптары жоғары: процестерді жаңғырту, Shell жағармайларын сақтау, пайдалану мен қолдану саласындағы озық әлемдік тәжірибелерді енгізу. Қос тараптың мамандары Shell жағармайларын таңдау мен оны пайдаланудың бірыңғай ұстанымдарына, оны пайдалану көлемін оңтайландыруға, жабдықты пайдалану барысында оның жалпы ахуалына диагностика жасауға күш салады.

Бұл бағыттағы істің негізгі құралдары: жоғары сапалы Shell жағармайлары, Eurasian Machinery кәсіби мамандары командасы тарапынан қолдау, техника мен жағармайлардың ахуалына тұрақты мониторинг, дала зертханалары ERG кәсіпорындарындағы жобаларда сынама алып, оны талдайды.

- Біздің серіктестік жабдықтардың жұмысында болуы ықтимал потенциалды проблемаларды анықтап, техника паркіне қызмет көрсету шығындарын азайтып, өндіріс тиімділігін арттыруға сеп болады, - деді «ERG-дің Коммерция орталығы» ЖШС Бас директоры Руслан Мулюкбаев.

Серіктестік аясында ERG тобының ерекшеліктерін ескере отырып, персоналды оқытудың арнайы бағдарламаларын енгізу қарастырылған. Бағдарлама жағармайлар туралы білімді тарату мен қызмет көрсетудің озық әдістемелерін күнделікті жұмысқа енгізуге бағытталған түрлі тренингтер, шеберлік сабақтарын, Shell және Eurasian Machinery сарапшыларынан мамандандырылған конференцияны да қамтиды.

Мақсатқа қол жеткізу үшін бағдарламаның әр кезеңін, бақылау нүктелері мен мониторинг механизмдерін қамтыған арнайы жол картасы да әзірлеген.

Серіктестік көміртегі ізін төмендету мен «жасыл» технологияларды қолдау бағыттарын да қамтиды. Shell стандарттарына көшу мен оңтайландыру үрдістері ERG өндірісін заманауи ESG қадиғаттарына жақындата түседі деп күтілуде.