27 Желтоқсан 2024

egemen.kz 27.12.2024 - "Болашақ" - ферроқорытпа нарығының болашағы

Әлемдегі ең ірі феррохром өндірушілерінің бірі саналатын ERG құрамындағы «Қазхром» трансұлттық компаниясы ілкімді жобаларды іске қосып, ел экономикасының қарышты қадамына үлес қосып келеді. «Қазхромның» филиалы – Дөң тау-кен ба¬йыту комбинаты бұл күнде Ақтөбе және Ақсу зауыттарында өндірілетін ферроқорытпалардың негізгі шикізат базасына айналған. Жақында «Болашақ» шахтасы іске қосылды. Жаңа өндіріс орнының құрылысы мен оны жобалық қуатқа шығаруға ERG 1 трлн теңгеден астам көлемде жеке қаражатын инвес¬тиция етіп салған. Нәтижесінде, 1 800-ге жуық жұмыс орны ашылмақ. Шахта келешекте жылына 7,5 млн тонна хром өндіру көрсеткішіне қол жеткізбек.

Шахта тынысымен таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та танысты. «Бола­шақта» еліміздің жаһандық фер­роқорытпа нарығындағы же­тек­ші орнын сақтап қалуға сеп­­теспек. Жаңа кен орны толық­қан­ды автоматты жүйемен жарақ­тандырылып, заманауи құрыл­ғы­лармен жабдықталған. Кен өн­діруге арналған бұрғылау бағ­дарламасы орнатылған, автоматты бас­қару режімінде жұмыс істейтін, жер бетінен қашықтан басқару мүмкіндігі бар жаңа, өнімділігі жоғары «ақылды» бұрғылау қон­дыр­ғылары бүкіл тапсырманы мүл­­­­тік­сіз орындайды. Сонымен қатар машинистің басқаруын мүлде қа­­жет­­сінбейтін, түгелдей автоматты бағ­­дарламамен жүйеленген көте­ру машиналары қаншама адам­­­ның еңбегін атқарады. Мұның бәрі қыз­меткерлер қауіпсіздігін қамта­ма­сыз етіп, еңбек өнімділігін арттырады.

ERG директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы ди­рек­торы Шухрат Ибрагимовтің айтуынша, компания жұмысын бас­тағалы бергі 30 жылда отан­дық кәсіпорындар әрқашан басым­дық­қа ие болды және келешекте де осылай бола бермек.

«Бұл – біз мақтана алатын тарих. Бүгінде ERG – әлемдегі ең ірі феррохром өндірушілердің бірі. Өндірілетін кен, байытылған концентрат пен шекемтастар 100% көлемінде Ақтөбе және Ақсудағы зауыттарымыздың ферроқорытпа пештеріне жөнелтіледі. Біз фер­ро­қорытпа бағытын дамыта бере­міз. Ал жаңа «Болашақ» шах­та­­сының іске қосылуы ERG-ге өн­­­ді­ріс көлемін арттырып, әлем­дік нарықтағы жетекші орнын нығай­туға мүмкіндік береді. Жаңа «Болашақ» шахтасы – қара металл өндіру­дегі ең күрделі инженерлік жоба. Бұл әлемдік деңгейдегі гео­­ло­гиялық міндет және біз оны жүзе­ге асыра алдық», деді Ш.Ибрагимов.

Шахта «Миллионное» және «Алмаз-Жемчужина» кен орын­да­рындағы хром кенін өндіреді. Мұндағы тау-кен массиві күрделі тау-кен геологиялық жағдайымен ерекшеленеді. Бұл жерде еліміздегі қара металл өндіретін ең терең шах­та оқпаны орналасқан. Ол бір шақы­рымнан астам тереңдікте.

«Бұл – біршама шығын жұм­сал­ған, сонымен бірге ауқымды айрықша жоба. Біз ферроқорытпа өндірісін арттырамыз. Өндіріске шикі­зат керек, сондықтан «Бола­шақ» шахтасының іске қосылуы стра­тегиялық тұрғыдан да, «Қаз­хромның» ферроқорытпа зауыт­та­рының тұрақты жұмысын қамта­ма­сыз ету тұрғысынан да ерекше маңызды. Тың жоба Хромтау үшін де, ел экономикасы үшін де аса пайдалы. Себебі жерасты­нан қазылып алған әрбір жаңа тонна шикізат жерүстіне шыға­рыл­­ғаннан кейін жергілікті тұр­ғын­дардың тұ­рақты жұмыс орны, олардың отба­сының әл-ауқаты, еліміздің жай­машуақ өмірі бейнесінде халық игілігіне қызмет қылады. Шах­та құрылысында әлемдегі же­текші компанияларды жұмысқа тарттық. Қазу жұмыстарын өте жедел атқаруға көмектескен алдыңғы қатарлы технологиялар елімізде тұңғыш рет қолданылғанын да айта кетуіміз керек», дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьев.

ERG-дің 30 жылдығы қарсаңын­да пайдалануға беріліп жатқан шахта тарихы тым әріден басталады. Виктор Тиль 1977 жылдың ақпанын жақсы біледі... Сол кезде Солтүстік Желдеткіш білігіндегі алғашқы қазықтар қағылған болатын. Сөйтіп, «Центральная» шахтасының құрылысы басталып, кейін оның атауы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп ауыстырылды.

«Кеңес одағы ыдыраған кез өте ауыр тиді. Сондай өтпелі кезеңде бізге шахта керек пе деген сауал да туындады. Қуанышқа орай, шахта жабылған жоқ, 1999 жылы мил­­­лион тонна, 2001 жылы 2 мил­­­лион тонна алынды. Бес жылдан соң шахта өзінің жобалық қуатына жетті. Сол уақытта екінші кезектегі шахта құрылысы қатар жүр­гізіліп, ол бүгінде жеке цехқа айналып, «Болашақ» атауын иеленіп отыр»,  дейді қиын да қызық кезеңдердің куәгері Виктор Тиль.

«ERG Capital Projects» өкілі Сергей Сергиенко көтергіш машиналарды жеткізуші ком­пания­ның қол жетімді ресурс­тардың болмауын алға тартып, іске қосуды 2025 жылдың мамыры­на ауыс­тырмақшы болғанын да айтады.

«Біз ол кезде басқа компания­ны көмекке шақырдық. Олар бағдар­ла­малық қамтамасыз етуді басынан қайта жазып, орнатып, іске қосып берді. Сөйтіп, машина жобалық көрсеткіштерін орындай бастады. Қазір тұрақты, орнықты жұмыс істеп жатырмыз», дейді.

Жаңа шахтадағы алғашқы жұ­мысқа тәжірибелі ұңғылаушы Ерлан Битановтың бригадасы кірісті.

«Дөң тау-кен байыту комби­­на­­тының шахтасында жұ­мыс істе­геніме 20 жыл болды. Сон­дық­тан салыстырмалы түрде айта ала­­ты­ным бар. Мұнда үдеріс­тер­дің механикаландыру деңгейі жоғары. Заманауи машиналармен жаб­дық­­талған – өздігінен жүретін тех­никалар бар. Осылайша, адам­дар­­дың жұмысы жеңілдейді. Яғни жұмысшылар техника опера­то­рының рөлін атқарады. Мұн­дай заманауи техниканың болуы жұ­­мыс­шылардың кенжар ала­ңын­да жүру пайызын төмен­детеді. Демек еңбек қауіпсіздігі артады деген сөз», дейді Ерлан Битанов.

«Болашақ» шахтасының құ­ры­лысы – ауқымды жоба. Ком­пания өкілдерінің сөзінше, мұндай кең көлемдегі өндіріс орны кеңес зама­нынан бері салынбаған. Шахта құрылысы 20 жылға созы­лып, осы уақыт аралығында 23 мың метрден астам тік және көлденең тау-кен ұңғымалау жұмыс­тары жүргізілді. Құрылыс күр­де­лі тау-кен-геологиялық жағ­дайда жүр­­­гі­­зілгендіктен кез кел­ген мер­­дігер бәйгеге басын тігіп, тәуе­­келге бара алмас еді. Деген­­мен түптің түбінде бәрі де сәтімен аяқ­та­лып, ауқымды шахта қолда­ныс­қа беріліп отыр.

Осынау алып кен орнының әлеуеті қандай деген сауалдың туын­­дауы да заңды. Қазірге дейін белгілі болған деректер бойынша, шахтадағы қор көлемі 160 млн тонна хром рудасы бар. Мұнда 1 200 метрлік әлемдегі ең терең оқпан орналасқан. Алдағы 30 жыл көле­мінде жалпы ұзындығы 360 шақы­рым болатын жалпы тау-кен жұ­­­мыс­тары жүргізіледі деп күті­леді.

Мамандардың айтуынша, шах­тада жоғары өнімділікті, кен өн­діру­дің селективтілігін, жоғары экономикалық көрсеткіштерді және төмен технологиялық тәуе­­келдерді қамтамасыз етуге мүм­­­­кін­дік беретін үш негізгі игеру жүйесі қолданылады. Олар – кенді төменгі деңгейлі қазу әдісі, өз­дігінен жүретін жабдықты қол­дану арқылы блокты қазу әдісі және өндірілген кеңістікті тол­тыру әдісі. Шахта атауын «Қазхром» компаниясының инстаграм аккаунтында жүргізілген бай­­­қау нәтижесінде, компания қыз­­­мет­­кер­лерінің өздері таңдаған.

«Мемлекет басшысы Жол­дауда «өңірлердегі жаңа өсу нүк­те­лерін дамыту маңызды» деді. Топ жұмыс істеп келе жат­қан 30 жыл ішінде отандық кәсіпорындар ERG үшін әр кез басым­дықта болды және бұл үрдіс жалғасын табады. Биыл фер­ро­қо­рытпа өндірісі бойынша тарихи рекордтық көрсеткішке – 1,8 млн тоннадан астам межеге қол жет­кізуді жоспарлап отырмыз. Одан кейінгі міндет – 2 млн тон­на­­дан астам ферроқорытпа дең­гейін бағындыру», дейді Шухрат Ибрагимов.

2004-2018 жылдары «Қазхром» бас директоры қызметін атқарған Виктор Тильдің айтуынша, «Бола­шақты» отандық хром өнеркә­сібінің басты жетістігі деп атауға толық негіз бар.

«Мен бұрын біздің рудамыз 100 жылға жетеді деп айтып жүрдім. Хромтауда жұмыс істей­тін немере, шөберелеріміз де жұмыс­сыз қалмайды. Кеңес заманында қолмен атқарылатын жұмыс өте көп болды. Мұн­­­­дай еңбектің үле­сін азай­тып, өзді­­гінен жұмыс іс­тейтін құрыл­­ғы­лар­­­ға қашан қол жетеді деп ар­ман­дай­­­­­тын­­­­­­быз. Қа­зір шах­­та­­да­­ғы жұ­­мыс – барлау­дан бастап негіз­гі жұ­мыс­қа де­йін тү­гел цифрландырылған. Бұрын жобаны жүзеге асыру үшін апталап күте­­тін болсақ, қазір тиісті нәти­­жені бір­неше сағаттан кейін кө­руге мүм­­­кін­дік бар. Инже­­­­нер­лік дайын­дық тәсілі де мүлдем басқаша»,  дейді ол.

Мердігер компанияның тау-кен өндірісі жөніндегі жетекшісі Жак Бюкманның айтуынша, «Redpath» компаниясы бүкіл әлем бойынша жерасты нысан­дарын салумен айналысады. Оның сөзінше, Дөң тау-кен байы­ту комбинатының шах­тасы аса күрделі тау-кен геоло­гия­лық жағдайына байланысты ерек­ше­ленеді. Мұнда түскен әрбір жұ­мыс­шы фантастикалық жұмыс атқарады дейді маман.

Бүгінде «Қазхром» ТҰК» АҚ елі­міздің металлургия саласында стра­тегиялық рөл атқа­ра­ды және 19 мың ел азаматын жұ­мыс­пен қамтамасыз етіп отыр. Компания өндірілетін барлық кенді сырттан шикізат сатып алмай-ақ, толы­ғы­мен өңдейді. Жер қойнауын бар­­лаудан бастап, пай­далы қаз­ба­­­ларды өндіру және ба­йыту, жоғар­ғы қосымша құнымен өнім шыға­­­­ратын метал­­­­­­лур­­­гия­­­лық өн­ді­­­ріс­­тен тұратын тау-кен-ме­тал­лур­гиялық клас­­­­­те­рінің толық цик­­лін қалып­тас­­­тырған. Ком­­­­­па­­­­­ния жылына 5,2 млн тон­на хром кенін, 1,7 млн тонна ферроқорытпа өндіреді.

дереккөзі