31 Желтоқсан 2024

«ССКӨБ» АҚ жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды

ERG құрамына кіретін «ССКӨБ»АҚ басшылығы мен кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрағасы арасында екіжақты ұжымдық шарт жасалды. Жаңартылған құжат әлеуметтік бағдарланған, мүдделі тараптардың тілектерін, сондай-ақ ERG кәсіпорындарының үздік тәжірибелерін ескере отырып әзірленген.

Ұжымдық шартқа «ССКӨБ» АҚ Бас директоры Сергей Кузьменко және ССКӨБ кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерлан  Алькенов қол қойды. Салтанатты сәттің алдында алдағы бес жылда бірлестік қызметкерлері мен жұмыс берушінің өзара қарым-қатынасын реттейтін құжат бойынша мұқият жұмыс жүргізілді.

- Бүгін біздің бірлестігіміз үшін маңызды оқиға болды, – деп атап өтті «ССКӨБ» АҚ Бас директоры Сергей Кузьменко. - Біз қол қойған құжат саладағы ең үздіктердің бірі болып табылады және барлық заманауи үрдістерге сай келеді. Осы қиын уақытта біздің қызметкерлер біздің кәсіпорынның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті, жалпы компания тарапынан қамқорлқ пен қолдауды сезінуі керек. Ұжымдық шарттың бірқатар артықшылықтары бар, қызметкерлердің әлеуметтік пакетінің артықшылықтары жақсарды.

Жаңалықтардың бірі - барлық төлемдер енді ақшалай баламада емес, айлық есептік көрсеткіштерде (АЕК) жазылады, осылайша төлемдер жыл сайын индекстеледі.

Ұжымдық шарт, заңмен кепілдендірілген құқықтар мен жеңілдіктерден басқа, қызметкерлерге арналған әлеуметтік пакетті, атап айтқанда жұмыс берушінің есебінен медициналық көмекті, әйелдерге декреттік демалысқа шыққанға дейін қосымша ақылы әлеуметтік демалысты қарастырады.

Шартта кәсіпорындағы жұмыс өтілі үшін демалысқа қосымша күндер, санаторийлер мен демалыс базаларына, балалар сауықтыру лагерлеріне және т.б. жеңілдікті жолдамаларға қаражат бөлу көзделген.

Сондай-ақ, бала туылған, жақын туыстары қайтыс болған, мерейтойлық күндер болған жағдайда материалдық көмек көзделген; көп балалы ата-аналарды және мүгедек балалардың ата-аналарын қолдау; еңбек міндеттерін атқарумен байланысты жазатайым оқиғалар кезінде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін қолдау. Мерейтойлар да, зейнетке шығып жатқан қызметкерлер де ұмытылған жоқ.

Ұжымдық шартта жұмыс берушілердің ғана емес, қызметкерлердің де құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 

– Ұжымдық шартта белгіленген қызметкерлердің міндеттері туралы да ұмытпауымыз керек, - дейді ССКӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы Ерлан Алькенов. - Ең бастысы - қауіпсіз жұмыс істеу. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды тиісті түрде сақтау қажет. Өмір мен денсаулық бірінші орында.  Және де мен мыналарға назар аударғым келеді: өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзған жағдайда, кәсіподақ комитеттері жұмыс берушінің кінәлілерге қатысты әрекеттерін қолдады және қолдайды.

Ұжымдық шартқа қол қою өндірістің тиімділігін арттыруға, тәртіпті нығайтуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға ықпал етеді.