ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ жаңа арнайы коксты өндіретін зауыт 2024 жылды рекордтық көрсеткіштермен аяқтады. Зауыт жобалық қуатқа жетіп, 478 000 тонна өнім шығарған. Бұл белгіленген жоспарлардан айтарлықтай жоғары.
Зауытта өндірілетін спецкокс Қазақстанға сырттан әкелінетін қалпына келтірушілерге тәуелділікті айтарлықтай азайтуға және ERG компаниясы өндірген отандық феррохромдағы қазақстандық құрамның үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жетістік инновациялық технологияларды енгізу мен өндірістік базаны дамыту арқылы Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтудың маңызын көрсетеді. Спецкокс зауыты компанияның индустриялық әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, сыртқы экономикалық тәуекелдерді азайту арқылы ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр.
Осылайша, зауыттың сәтті іске қосылуы және жобалық қуатқа шығуы Қазақстан экономикасын әртараптандыру жолындағы тағы бір қадам әрі көмір ресурстарын қайта өңдеу саласындағы тиісті мақсаттарды іске асыру бағытындағы маңызды жетістік.
— Диверсификацияға бағытталған жобалар біздің дамуымызда маңызды рөл атқарады. Мұнай, белсендірілген көмір, техникалық көмір, метанол және карбонаттар сияқты қайта өңделген өнімдерге сұраныс жоғары. Болашақта осы өнімдер қатары кеңейтілетін болады. Біз көмірді толық циклмен өңдеуге ұмтыламыз: көмірден — кокс, кокс арқылы — газ, газдан — электр энергиясы алу. Газды метанол өндіруге, ал коксты белсендірілген көмірге қайта өңдеп, кейін оны сорбент ретінде пайдалануға болады. Бұл — қалдықсыз өндіріс жолына жасалған қадам, — деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Сергей Ким.
«Шұбаркөл көмір» АҚ — Қазақстандағы ірі энергетикалық көмір мен спецкокс өндірушісі. Компания отандық өнеркәсіпте маңызды рөл атқарып, өндіріс көлемі және өнім сапасымен ерекшеленеді.
2023 жылы жалпы құны 60 миллиард теңгеге спецкокс өндіретін зауыт салынған. Қазіргі таңда зауытта 180-нен астам қызметкер жұмыс істейді. Өндіріс заманауи технологиялық шешімдермен және автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықталған.
2024 жылдың тамыз айында жаңа зауыт жобалық қуатқа жетіп, жеке айларда жобамен салыстырғанда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізілді. Іске қосу мен реттеу жұмыстарын ескергенде, 2024 жылы 268,9 мың тонна коксты өндіріліп, белгіленген жоспар асыра орындады.
«Шұбаркөл көмір» АҚ көмірхимия негізіндегі инновациялық процестерді белсенді енгізуде. Мұнда арнайы кокс, белсендірілген көмір, тас көмір шайыры мен майы, сондай-ақ сұйық гуминді тыңайтқыштар өндіріледі. Негізгі өнімнен басқа зауытта жылына 72 000 тонна көлемінде көмір шайыры мен көмір майы өндірілмек. Өндірістің шикізаты ретінде Шұбаркөл кен орнының «Д» маркалы көмірі пайдаланылады.