ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Орталық Азия елдері кәсіподақтар кеңесінің (ОАЕКК) бастауыш ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік серіктес» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс компанияның әлеуметтік серіктестік пен қызметкерлердің мүдделерін қорғаудағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте растады.
Байқау үш кезеңнен тұрды: салалық кәсіподақтар мен аумақтық ұйымдар деңгейінде, республикалық деңгейде және ОАЕКК Кеңесі деңгейінде. Оның қорытындысы 2024 жылдың соңында Душанбеде өткен Кеңестің VI отырысында шығарылған. Компанияның бас директоры Сергей Прокопьевке марапатты Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев табыстады.
- Бұл марапат – қызметкерлер үшін лайықты жағдай жасау және жергілікті қоғамдастықтарды белсенді қолдау бағытындағы ұзақ жылдардағы мақсатты жұмыстың нәтижесі, - деп атап өтті «Қазхром «ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. - Қазхромның екі кәсіпорны – қаламыздың ірі кәсіпорындары саналады. Біз аумақты дамытудағы өз рөлімізді жақсы білеміз. Байқаудағы Жеңіс компанияның ERG үшін негіз болып табылатын әлеуметтік жауапкершілік және орнықты даму қағидаттарына адалдығын паш етті.
Әлеуметтік әріптестік аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың кешенді бағдарламасын, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды, персоналды кәсіби дамытуға инвестицияларды, жас мамандарды қолдауды, корпоративтік мәдениетті дамытуды қоса алғанда, бірқатар маңызды бастамаларды іске асырады. Сонымен қатар, Компанияда Ұжымдық шарт қабылданды, ол бірнеше рет Қазақстандағы үздіктердің бірі болып танылды. Тек 2024 жылы компания қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға шамамен 9 млрд. теңге бөлінді.
Компания кәсіпорындары орналасқан өңірлерде «Қазхром» әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қатысады. Оның ішінде ERG мен облыс әкімдіктері арасында жыл сайын жасалатын меморандумдар аясында бауқымды істер атқарылды. Осы бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және қайта жаңғырту, қоғамдық кеңістіктер мен саябақ аймақтарын абаттандыру, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін қолдау және т.б. жүзеге асырылып келеді. 2024 жылы Ақтөбедегі скверді абаттандыруға, Хромтауда мәдени орталық салуға және арнайы техника сатып алуға, медициналық жабдықтар сатып алуға, Ақтөбе және Павлодар облыстарының оқу орындарын қолдауға қаражат бөлінді.