17 Қаңтар 2025

Қазақстанда алғаш рет Komatsu HD1500-8 карьерлік өзіаударғыштары Eurasian Resources Group-тің «Восточный» кенішінде жұмысқа жұмылдырылды

Елдегі алғашқы карьерлік Komatsu HD1500-8 өзіаударғыштарын Eurasian Resources Group (ERG) қолдана бастады. Ауыр арнайы техника Топ құрамындағы «ЕЭК» АҚ «Восточный» кенішінде жұмысын бастады.

Жапониядағы Komatsu Ibaraki зауытында өндірілген Komatsu HD1500-8 карьерлік өзіаударғыштар 141 тонна жүк көтере алады. Әрі жоғары сенімділік деңгейімен ерекшеленеді. Кәсіпорынға осы модификациядағы 2 машина жеткізілген. Mitsui & Co Ltd. (Жапония) жапон йеналарында қаржыландырудың икемді шарттарын ескере отырып, жыл соңына дейін автокөлік паркін тағы 3 техника толықмақ.  

Komatsu HD1500-8 жаңа өзіаударғыштарды іске қосу рәсімі Komatsu Ltd өндірушісінің (Жапония) жоғары лауазымды тұлғаларының және  серіктестердің қатысуымен өтті. Атап айтқанда, салтанатты шараға

– Komatsu Ltd. (Жапония) атқарушы директоры, Жапониядағы Ibaraki зауытының директоры – Сеичиро Харада (Seiichiro Harada) мырза;

-  Komatsu Ltd. (Жапония) Komatsu өзіаударғыштарын әзірлеу және жобалау департаментінің директоры – Хироказу Ашикава (Hirokazu Ashikawa) мырза;

- «Комацу Орталық Азия» ЖШС бас директоры – Томоси Кицува (Tomoshi Kitsuwa) мырза;  

- Mitsui &Co. Ltd (Жапония) Индустриялық жобалар департаменті директорының орынбасары, – Дзюмпей Мимура (Jumpei Mimura) мырзалар қатысты.

Кәсіпорында жүккөтерімділігі - 91 тонна Komatsu HD785-5 және Komatsu HD785-7 карьерлік өзіаударғыштарын пайдалану тәжірибесі бар. Сондықтан «Восточный» кенішінің директоры Юрий Личман жаңа HD1500-8 өзіаударғыштардың осы дәстүрді сәтті жалғастыратынына сенім білдірді:

 - Біздің басты мақсатымыз — жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі. Біз сапалы сервистік қызмет көрсету және серіктестеріміздің қолдауы арқасында апаттық тоқтауларды барынша азайтады деп сенеміз. Бұл бізге жоғары өндірістік көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік бермек.

- Біз тығыз өзара іс-қимылға және туындайтын кез келген мәселелерді жедел шешуге дайынбыз. Бұл Komatsu, Mitsui &Co, Ltd және ERG арасындағы ұзақ мерзімді және өнімді серіктестіктің негізі болып табылады.  Біз үшін техникамыздың өнімділігі бірінші орында, - деп атап өтті «Комек Машинери Казахстан» ЖШС бас директоры Меирхан Мухамадиев.  

Техниканы тапсыру рәсімінде тараптар бұл оқиғаның Қазақстанның барша көмір өндіру секторы үшін маңызын атап өтті. Озық технологияларды пайдалану және серіктестердің бірлескен күш-жігері «Восточный» кенішінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.