Eurasian Resources Group (ЕRG) Қазақстанда алғаш рет өндірістік міндеттерді шешу үшін роботтандырылған автотүсіргілерді қолдана бастады. Осындай, жүргізушісіз 3 жүк көлігі бүгінде «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің өнеркәсіп алаңында жұмыс істеп жүр.
Бейне сілтемесі
Бүгінгі таңда жүргізушісі жоқ жүк көліктері тау-кен массасын тиеу-түсіру қосындары арасында үздіксіз тасымалдауға үшін қолданылады. Болашақта бұл өндірістегі өнімділік пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға сеп болады.
- Өткен жылдың тамыз айында біз ұшқышсыз ұшу аппараттарын тәжірибелік-өнеркәсіптік режимде іске қостық, - дейді Қазақстандағы ЕRG бас директоры Серік Шахажанов. - Бірнеше ай ішінде роботты техниканың көмегімен біз 1 млн тоннадан астам тау массасын тасымалдадық. 2027 жылға дейін шикізат көлемін 115 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Біз сынақ жасаймыз, әлемдегі ең жақсы тәжірибелерді зерттейміз және басқа карьерлерде де ұшқышсыз техниканы қолдануға тырысамыз.
Заманауи технологияларды қолдану адам факторын барынша азайтуға мүмкіндік берді. Қазір роботты техника кешеніне екі адам қызмет көрсетеді. Жүргізуші-оператор үш машина маневрлерінің жымдамдығын дұрыс таңдап, траекториясының және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалайды. Сервистік инженер кешенге қызмет көрсетеді, маршруттар құрады және тиеу-түсіру алаңдарын нақтылап отырады. Барлық жүргізушілер роботты техниканы басқару үшін қайта оқытылған.
- Өндірістік процестерге роботтандырылған жүйелерді енгізу – ERG стратегиясының негізгі Digital міндеттерінің бірі, - деді жоба жетекшісі, ERG құрамындағы Business & Technology Services компаниясының ТМК роботтандыру жөніндегі сарапшы Евгений Фадеев. – Бұл ERG ІТ-командасына да, ІТ-шешімдерін пайдаланушыларға да жоғары талаптар қояды. Жаңа қызмет, сондай-ақ персоналдың құзыретіне қойылатын жаңа талаптар пайда болды. Мысалы, ауыр жүк техникасын роботтандыру жобасын іске қосумен «Восточный» кенішінде автоматтандырылған жүк тасымалдау қызметі құрылды. Егер бұрын техниканы жүргізуші басқарса, енді ол берілген бағдарлама бойынша қозғалады. Оператор процесті ыңғайлы бөлмеде қашықтан бақылайды және қызмет көрсетеді. Бұл, әрине, өнеркәсіп қауіпсіздігіне жасалған үлкен қадам.
«Восточный» кенішінің қызметкерлері, Business & Technology Services (BTS) ІТ- мамандары, мердігер ұйымның өкілдерінен жасқаталған енгізу командасы: өнеркәсіптік сынақта кешенді пайдаланатын команданың әрекетімен ұштастыра отырып, технологияның, самосвалдарды басқару алгоритмдерінің және олардың қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін көрсетті. Бұл тәсіл қауіп-қатерлерді азайтады, операциялардың дәлдігін арттырады және жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Жүк тасымалдаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу – өндірісті цифрлық трансформациялау жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама саланы дамыту үшін жаңа перспективаларға жол ашады және компания елдің ТМК технологиялық көшбасшысы ретіндегі ұстанымын нығайтады.