04 Ақпан 2025

ERG кәсіпорындарының жобасы DIGITAL ALMATY AWARDS 2025 жеңімпазы атанды

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинаты мен BTS компаниясының жобасы Digital Almaty Awards 2025 байқауының жеңімпазы атанып, «Өнеркәсіпте AI қолданудағы жыл көшбасшысы» деп танылды.

Беделді марапат «Күйдіру пештерінің болат таспасын бақылауға арналған интеллектуалды машиналық көру жүйесі» (SBM – Steel Belt Monitoring) жобасына табыс етілген. Дөң ТКБК жобасының менеджері Диас Елдеске марапатты Халықаралық Электр байланысы Одағының аймақтық директоры Наталья Мочу табыстады.

SBM жобасы туралы

SBM – Хромтаудағы Дөң ТКБК №1 шекемтас өндіру учаскесінде енгізілген машиналық көрудің инновациялық жүйесі. ІТ-шешім екі негізгі модульді қамтиды:

Қызып кетуді болжау – операторлардың уақтылы әрекет етуін қамтамасыз ете отырып, таспаның қызып кетуін алдын-ала болжайды.

Ақауларды анықтау – зақымдануды ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді, бұл технологиялық процесті тоқтатпай жөндеуге мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі нәтижелері:

Қызып кету ұзақтығы 2024 жылғы шілдеден бастап 75% - ға төмендеуі.
Жүйе анықтаған ақаулардың 80% операторлар растады.
Кәсіпорынның алғашқы үш айда үнемі 170 млн теңгеден асты.

- Бұл жоба бүкіл салаға маңызды қадам. Жасанды интеллектті пайдалану өндірістік процестерді оңтайландыруға ғана емес, сонымен бірге кәсіпорын шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Біз өз командамызды мақтан тұтамыз және осы жолда бізді қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз, – деп атап айтты жоба менеджері Диас Елдес.

Технологияны әзірлеумен және енгізумен Дөң ТКБК мамандары Диас Елдес, Нұрсұлтан Қарасартов пен Жарбол Мақсат бірлесіп, Асхат Бөкеев бастаған өнеркәсіптік BTS ЖИ дамыту бөлімінің командасы айналысты.

Сонымен қатар, жоба VК Cloud–тан Industrial AI Battle аясында - 10 млн теңге сомасына бұлтты сақтау арнайы жүлдесіне ие болды.

Дөң ТКБК мен BTS жобасы ERG-дің тау-кен металлургия саласын цифрлық трансформациялаудағы көшбасшылығын растай отырып, өнеркәсіптегі жасанды интеллекттің жоғары потенциалын көрсетеді.