24 Ақпан 2025

aqtobegazeti.kz 21.02.25 – Металл сүргілейтін маман

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жөндеу-механикалық цехының металл сүргілеушісі Сәулет Дәнекеров өндіріс саласында 37 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

 1987 жылы жоғарыда аталған кәсіпорынның табалдырығын аттаған еңбек адамының металға қатысты танымы терең, тәжірибесі зор.

Ақтөбе қаржы-экономикалық колледжінің техник-технолог мамандығы бойынша түлегі қолына дипломын алған бойда осы зауытқа жұмысқа орналасады. Еңбек жолын №1 балқыту цехында ұсақтаушы ретінде бастап, кейіннен бұрғылаушы мамандығына ауысқан оның бұл салаға қызығушылығын 40 жыл механик болған ағасы Қайрат оятқан. Ағасының жолын қуған кейіпкеріміз бұл туралы:

— Зауытта отбасылық династияның мүшесі болғаныма қуанамын. Ағам да көрген-білгенін айтып, өз тәжірибесімен бөлісіп отырады.

дереккөзі