Өткен сенбіде Қазхромның Ақтөбе және Хромтау филиалдарында қызметкрелерге арналған дәстүрлі ERG қысқы денсаулық фестивалі өтті.
Саламатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл шара осымен бесінші рет жалғасып отыр. Бұл күндері Ақтөбеде аяз күшейіп, боран соқса да еуразиялықтар ауа райына қарамастан, отбасы мүшелерімен алаңға жиналды. Мыңнан аса адам қатысқан фестивальдің биылғы ұраны - "Saq жүрсең, Sau жүресің!".
- Бұл тамаша мереке көптеген жылдар бойы еуразиялықтарды біріктіріп келе жатқан жақсы дәстүрге айналды, - деді "Қазхром" компаниясының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Нұргүл Нұрғалиева. - Бүгінгі фестиваль ерекше - ол қауіпсіздікке арналған, бұл біздің компания үшін негізгі құндылық. Қызметкерлеріміздің отбасыларымен, жұбайларымен және балаларымен жиналғаны қуантты. Бұл Қазхромның үлкен отбасы екенін көрсетеді. Мұнда біз ортақ құндылықтарды бөлісіп, бірлесіп ортақ мақсаттарға қарай қадам басамыз. Осы бірлікте біздің күшіміз жатыр. Бұл алғашқы шара жаңа, қызықты мерекелеріміздің жарқын бастамасы болсын.
ERG-дің қысқы денсаулық фетивалі Топтың өзге де дивизиондарында және "Қазхром" компаниясының филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытында жоғары деңгейде өтті.