28 Ақпан 2025

irbistv.kz 27.02.25 – Ақсуда ERG компаниясымен ұйымдастырылған "Туған қала" жобасының кезекті маусымы қорытындыланды

Жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

"Туған қала" жобасы адамдарға қай жерде қандай нысандарды жабдықтау керектігін дербес ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл ойын алаңдары, шағын стадиондар және тағы басқа оқиғалар болуы мүмкін. 2025 жылы жүзеге асыру үшін 16 ұсыныс таңдалған, оның алтауы мәдени оқиға, яғни конкурстар, концерттер, шығармашылық кездесулер өтпек. Айту керек, іріктеу дауыс беру арқылы өтті, оған моноқаланың барлық тұрғындары қатыса алды.

- Біздің қаланың тұрғындары қалаған жобаларды іске асыру өте маңызды. Сол үшін біз жылда осындай конкурсты өткіземіз. Ақсудың инфрақұрылымының дамығаны өте маңызды,-деді "ЕЭК" АҚ Бас директоры Дүйсен Мерғалиев.

Металлургтер қаласының тұрғындары "Туған қала" жобасы аясында Ақсудың көркеюіне куә болуда. Еуразиялық Топ құрамының қызметкерлері де жобадан қалыс емес. Жеңімпаздар арасында Ақсу ферроқорытпа зауыты цехының бастығы Рустам Бакраденов бар. Оның ұсынысы 400-ден астам дауыс жинаған.

- Стритбол алаңын салу – менің ойымда көптен бері жүрген ұсыныс еді. Біздің балаларымыз, оқушыларымыз, тіпті ересектер барлық стандартқа сай стритбол алаңында жаттығып, жарыстарға қатысуға мүмкіндік туады,-деді "Қазхром" ТҰК "АҚ филиалы АФЗ цехының бастығы, "Туған қала" жобасының жеңімпазы Рустам Бакраденов.

Жобаларды іске асыру ауа райы қолайлы болған тұста қолға алынбақ. Жұмыс барысы автор мен Ақсу тұрғындарының қатаң бақылауында болады. Мәселен, моноқала тұрғыны Бақытбек Сатабаев та жобаның жеңімпазы. Ол соңғы сәтте қалалық перзентхананың аумағын көркейту идеясымен үздік 10-дыққа кірген.

- Перзентханадан шыққан әйелдер естелікке суретке түсе алуы үшін заманауи фотоаймақ болса деген ой болды. Айтып өткенімдей, тұрғындар маған «Туған қала» жобасында қолдау білдірді. Тұрғындардың ұсыныстарымен көптеген қызықты ойлар жүзеге асырылды. Мысал ретінде, жағалау аймағы мен саябақты айтып өтсек болады,-деді Ақсу қаласының тұрғыны, "Туған қала" жобасының жеңімпазы Бақытбек Сатабаев.

ERG компаниясының қаржыландыруының арқасында Ақсу бойынша балалар мен ересектерге арналған демалыс аймақтары, спорттық нысандар құрылуда. Айта кетейік, қаланың әрбір тұрғыны жаңа жобасын ұсына алады. Келесі байқауға дейін жеткілікті уақыт бар.

дереккөзі