ERG құрамындағы Қазақстан электролиз зауыты «қанатты» металл өндірісін бастағаннан бері бастапқы алюминийдің мерейлі төрт миллиондық тоннасын өндірді.
Бұл рекордқа ҚЭЗ металлургтері кәсіпорын іске қосылып, алғашқы «қанатты» металл шығарылғаннан бері 17 жыл екі ай дегенде қол жеткізіп отыр.
Қызметкерлер алғашқыда төрт миллион тонна алюминийді елестету өзі қиын екенін айтты. Егер 4 миллион пакетті бір қатарға қойсаңыз, Павлодардан Мәскеуге дейінгі аралыққа жол салуға болар еді. Ал, егер мұндай көлемді теміржолмен тасымалдар болса, онда 65 мың вагоннан тұратын құрам қажет болар еді.
17 жылда электролиз зауыты халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сай отандық алюминий шығарып келеді. ҚЭЗ – Қазақстандағы жалғыз бастапқы алюминий өндіруші. Оның өнімдері бүкіл әлемде сұранысқа ие. Қазақстанда өндірілген бастапқы алюминийді көптеген отандық кәсіпорындар, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің компаниялары сатып алады. Ал Қазақстандағы жалғыз алюминий өндіретін кәсіпорынға барып, бәрін өз көзіңізбен көргеніңіз келсе, https://vtour.erg.kz/ сілтемесімен экскурсияға жаза аласыз.
– Төрт миллионыншы тонна өнімді шығару – кәсіпорнымыздың жылнамасындағы ерекше оқиға, - деп атап өтті «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндіріс жөніндегі директоры Мұрат Жұмабаев. – Бұл мерейлі меже – біздің барлық қызметкерлеріміздің еңбегі, олардың әрқайсысы өндіріске өз үлесін қосып жүр. Біздің ұжымның әрбір мүшесінің арқасында осы жылдар ішінде өндіріс табысты дамып, тиімді бола түсті. Қазіргі таңда кәсіпорында өндіріс дәстүрлерін лайықты жалғастырып, жаңа жетістіктерге қол жеткізіп жүрген 2 мыңнан астам қызметкер жұмыс істеп жүр.
Осы маңызды оқиғаның құрметіне өндіріс процесіне қатысып, төрт миллионыншы тонна алюминий құюға тікелей қатысқан қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Олардың бірі алюминий өндірісіндегі автоматтандырылған процестің операторы Әділбек Жаңабаев.
– Мен әрбір миллиондық тоннаны құюға қатыстым, ал бүгін төртінші рет қатысып отырмын! – деді Әділбек Жаңабаев. – Осылайша, біздің қолымызбен және біздің көз алдымызда басты кейіпкерлері бәріміз болып табылатын кәсіпорынның тарихы жазылып жатыр. Бізге бұл – ауқымды мереке, зор мақтаныш! Мен және менің ауысымымдағы әріптестерім бүгін мерейтойлық іс-шараға қатысу құрметіне ие болдық. Мен металлург ретінде ерекше толқып тұрмын. Өйткені біз өз қолымызбен елдің металлургия өнеркәсібінің тарихын жасап жатырмыз.
Естеріңізге сала кетейік, зауыттың бірінші кезегі іске қосылған 2007 жылдың соңына қарай металлургтер 11 мың тонна бастапқы алюминий өндірген. 2010 жылы өндірістің екінші кезегі іске қосылған кезде кәсіпорын жобалық қуат – 250 мың тоннаға жетті. Жыл сайын өндіріс динамикасы өсіп, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚЭЗ қазірдің өзінде 264,5 мың тонна «қанатты» металл беруге қабілетті.