Қашар көшелерінде алғаш рет жұмыста да, үйде де сақтық шараларын сақтауға шақырған автошеру өтті. Қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және жұмыс барысында қызметкерлерді қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға үгіттеуге бағытталған автошерудің бастамашылары – ERG құрамындағы «Қашар кені» АҚ автокөлік цехының мамандары.
ERG компаниясында 2025 жыл – «Қауіпсіздік жылы» деп жарияланды. Бұл – компанияның негізгі құндылықтарының бірі. Қашар кенінің автокөлік жүргізушілері өз әріптестері мен кенттің барлық тұрғындарының назарын еңбекті қорғау тақырыбына аударуды ұйғарған. Автошеру өнеркәсіптік аймақ маңынан басталды.
Жол полициясы автокөлігінің сүйемелдеуімен КАМАЗ вахтасынан, 2 өзіаударғыш КАМАЗ, 2 УАЗ Patriot автокөлігінен тұратын тізбек №4 жеңіл көліктер паркінен қозғалды. Барлық техникада еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтауға шақыратын үгіт-насихат плакаттары бекітілген. Көлік қозғалысы дыбыстық сиренамен және өндірістегі қауіпсіздік ережелері туралы дауыс зорайтқыштан хабарлама да қатар жүрді.
Автоколонна кент ішінде шеңбер жасап, «Қашар кені» АҚ аумағына кірді. Мұнда шеруге қатысушылар теміржол, кен өндіру және автокөлік цехына барды. Барлық қатысушыларды шағын митингілерде бөлімше басшылары қарсы алды. Олар жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтаудың маңызын ескертті.
АҚ «Қашар кені» Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі директоры Дмитрий Бондарчук:
– Біздің өндірістік тізбектің ең бастысы – әрбір қызметкердің денсаулығы мен өміріне қамқорлық жасау. Компанияда 2025 жыл – «Қауіпсіздік жылы» болып жарияланды және біздің мақсатымыз – жарақат алуды мүлдем бодырмау! Бұған қол жеткізу үшін біздің кәсіпорынның қауіпсіздік мәдениетін бірге қалыптастыруымыз керек. Қауіпсіз жұмыс кеңістігін құрайық, әркім өзінің жақын адамдарының дені сау, үйге аман оралатынына сенімді бола алады!
Бүкіл Темір дивизионының қызметкерлері лауазымына қарамастан, әрқайсысы өзіне және әріптестеріне жауапты екенін білуі керек. ERG корпоративті құндылықтарының бірі – қауіпсіздік.