12 Наурыз 2025

«Қазхром» компаниясы «Болашақ» шахтасындағы жазатайым оқиға салдарынан ауруханада қайтыс болған марқұмның отбасына көмек көрсетеді.

Қызметкер шұғыл ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бірнеше күн қатарынан оны ажалдан арашалап қалуға барын салды. Тиісті барлық маман іске жұмылдырылғанымен, өкінішке орай қызметкерді аман алып қалу мүмкін болды.

Марқұмының отбасына толық әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетіледі. Оның 10 жылдық орташа еңбекақысы мөлшерінде өтемақы төленіп, марқұмды жерлеу рәсімін ұйымдастыру шығындарын компания мойнына алады.

Қосымша компания марқұмның балаларын оқыту шығындарын төлеп, қажет болған жағдайда, отбасының бір мүшесін жұмыспен қамтамасыз етеді.

Одан бөлек, марқұмның отбасына ҚР Заңнамаларына сай жұмыс барысында қызметкерді оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдері беріледі.

Компания марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Естеріңізді болса, өткен аптада «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинаты «Болашақ» шахтасының өндіріс блогында бұрғылау жұмыстары барысында оқыстан жалын тұтанған. Салдарынан 4 қызметкер – 1 бұрғылаушы мен 3 ысырмашы маманды күйік шалды. Зардап шеккен 4 қызметкер дереу Хромтау қаласының ауруханасына жеткізілді. Дәрігердің қабылдауынан соң, мамандардың бірі үйіне қайтарылып, қалған екеуі жарақат бөліміне жатқызылған. Олар емделіп стационардан шығып, қазір амбулаторияда ем қабылдап жүр.

«Болашақ» шахтасының өндіріс блогындағы бүкіл жұмыс оқиға себептері анықталғанша тоқтатылған. Оқыс оқиғаның себептерін арнайы құрылған комиссия анықтауы тиіс. Бұл жұмысқа жетекші қазақстандық және әлемдік зерттеу институттарының мамандары да жұмылдырылды.