17 Наурыз 2025

ERG-дің Корпоративтік университеті Қазақстан мен ТМД-да алғашқы болып EFMD LIFT Learning Impact стандарты бойынша сертификатталды

ERG-дің Корпоративтік университеті (ERG CU) Қазақстан мен ТМД-да алғашқы болып EFMD LIFT Learning Impact стандарты бойынша сертификатталып, мәртебелі марапатқа ие болды. Бұл жүлде – білім беру өнімдерін даярлау мен оны басқарудағы жұмыстың сапасы жоғары, әдістемелері мен әзірлемелері толыққанды әрі халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін растады.

Сертификаттау барысында ERG CU төмендегі 3 тартымды жобасын таныстырған болатын:

•           карьерлердегі ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерін даярлауда тренажер-симуляторларды пайдалану;

•           дәнекерлеуші мамандарды даярлауда сандық, толықтырылған шындық (AR) технологияларын кеңінен пайдалану;

•           Strategic Leadership Program (SLP) көшбасшылықты дамыту бағдарламасы.

Бағалау кезінде сарапшылар тек құжаттарды зерделеумен шектелмей, осы жобаға қатысты сұхбаттар өткізген. Мұнда бизнес пен оның оқыту функциясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті көрсету маңызды. Оның үстіне, тыңдаушы, ұйым мен жалпы қоғам тарапынан оқыту нәтижелерін мойындау мен оның ықпалын паш етудің мәні зор.

- ERG CU-ды сертификаттаудан сәтті өтуімен құттықтаймын! Сіздерді сырттай бағалаушы команда ERG CU-дың құрылымдық және жүйелі жұмысқа қатысты көзқарасына тәнті болып, әрі ұйымның ERG-дегі трансформация қағидалары және стратегиялық мақсаттармен мығым үйлесімділігін бас бармақпен бағалады,- деді EFMD Global корпоративтік қызметтер жөніндегі аға кеңесшісі әрі LIFT жетекшісі Стивен Смит. – Сіздердің бизнес пен адамға бағдарланған ұстанымдарыңыз оқыту саласындағы серпінді оймен қабысып, мүдделі тараптардың көтерілген бастамалардан шынайы құндылық аларына кепілдік береді. ERG CU мысалдары оның ERG-дің бизнес мақсаттарына толық сай келіп, сенімді басқару әрі оқытуға қажетті шешімдерді әзірлеуге, қалыптастыруға, енгізуге қауқарлы екенін паш етті. Өз кезегінде бұл бизнеске де, білім алушыларға да айтарлықтай ықпал ете алады.

- LIFT Сертификаты біздің үздіксіз даму стратегиясын берік ұстанып, корпоративтік оқыту ісін жетілдіріп, компанияның негізгі бизнес міндеттеріне қол жеткізуге септесіп келе жатқанымыздың айқын дәлелі. Бұл – болашаққа құйылған инвестиция. Тиімді оқыту бағдарламаларын құрып, енгізу қамы. Олар нақты құндылық әкеліп, біздің ұйымның табысты болуына септеседі,- деді ERG-дің Қазақстандағы Бас директоры Серік Шахажанов.

EFMD LIFT сертификациясын әзірлеуге әлемнің 30-дан астам ұйымы жұмылдырылған. Онда CLIP аккредитациясынан өткен оқыту құрылымы мен EQUIS-ке бейімделген бизнес-мектеп бар. Қазіргі таңда УЕФА академиясы, École de la Banque et du Réseau Группы La Poste, JLL France, AIA және Sopra Steria академиясы бастаған әлемнің жетекші компанияның осы оқыту функциялары сертификатталды. Сертификаттауда төмендегі негізгі факторлар бағаланады:

 •          оқыту командасы, бизнес пен ұйымдастырушы стейкхолдерлердің, сондай-ақ білім алушыларлың білім беру процесіне ықпал етудегі орны;

•           оқытудың әсерін бағалау жүйесінің толыққандылығы, ол білім алушыны, ұйым мен жалпы қоғамды қамтуы тиіс;

•           ол жүйенің түрлі топтардағы тәжірибеде қолданылуы;

•           есеп беру тәсілдері мен оқытудың ықпалын ұйым ішінде де, оның сыртында да мойындалуына ықпал ету.

- LIFT Сертификациясы EFMD CLIP аккредитациясын алу жолындағы маңызды кезең. Бұл – EFMD (European Foundation for Management Development) корпоративтік оқыту құрылымдарын қолдап, дамыту қамында әзірлеген бағалау процесі, стратегиялық бастамалар мен корпоративтік оқыту функцияларының жақсарғаны, - дейді ERG Корпоративтік университетінің директоры Валентина Сатарова. - LIFT біздің барлық стейкхолдерлер – қызметкерлеріміз, бизнес пен қоғам мүдделерін түгел ескеріп, осы мүдделі тараптар арасындағы сенім мен өзара қолдауды нығайтып келе жатқанымызды мойындап отыр. Біз университетіміз халықаралық деңгейде корпоративтік оқыту саласын дамытуға сүбелі үлес қосып келе жатқанын мақтан тұтамыз!

Естеріңізде болса, 2023 жылы ERG бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында орнықты дамудың негізгі 5 бағыты бойынша ауқымды қайта құруды бастап, 5 Академия – көшбасшылық, өндіріс, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары, қауіпсіздік, цифрландыру мен жобалық басқару негізінде ERG CU құрылған болатын. Топ кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі барлық оқыту орталықтарында күндізгі оқыту жүргізіліп, ERG CU-дың онлайн курстары lms корпоративтік оқыту тұғырнамасында 24/7 қолжетімді. Оны Қазақстанның әр өңіріндегі Топ кәсіпорындарының 60 мыңнан астам маманы қодана алады.