09 Сәуір 2025

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты автопаркін жаңартып жатыр

ERG құрамындағы "Қазхром" ТҰК" АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өнімділікті, жайлылық пен қауіпсіздікті үйлестіретін заманауи техникаға инвестиция құйып жатыр.

Бүгінде зауыттың автопаркі жоғары технологиялық экскаваторлармен және тиегіштермен толықты. "Қазхром" жаңа жабдыққа 360  млн астам теңге жұмсады.

Жыл басынан бері кәсіпорын бұрын-соңды болмаған маневрлік көрсеткіштері бар екі жаңа жеті тонналық тиегішті іске қосты. Бұл төртінші балқыту цехындағы логистикалық операцияларды айтарлықтай оңтайландырады. Алдыңғы модельдермен салыстырғанда жаңа техниканың жүк көтерімділігі жоғары және тиеу-түсіру жұмыстарының тиімділігін едәуір арттырады.

Сонымен қатар, қазір зауытта иелігінде корей өндірісінің гидравликалық балғалары бар жоғары технологиялық экскаваторлар іске қосылды. Машиналар жылыту, салқындату жүйелерімен және эргономикалық жұмыс орындарымен, сондай-ақ машинистердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттырар басқа да қондырғылармен жабдықталған. Ең бастысы, қауіпсіздікке ерекше назар аударылады: экскаваторлар мен тиегіштер қызметкерлерге қауіп-қатерді азайтатын ROPS (аударылып кетуден қорғау жүйесі) және FOPS (құлаған объектілерден қорғау жүйесі) қорғаныс жүйелерімен жабдықталған.

- Гидравликалық балғалары бар кореялық экскаваторларға көшу зауыттың автопаркін жаңартудағы маңызды қадам. Бұл машиналар өнімділікті арттырып қана қоймайды, сонымен қатар біздің қызметкерлеріміздің жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай өзгерістер өз кезегінде бүкіл өндірістік циклдің қауіпсіздігі мен сапасына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Ержан Абдулабеков.

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында шынжыр табанды үлгідегі гидравликалық балғалары бар тағы екі экскаватор сатып алу жоспарланған. Автопаркті осындай жүйелі жаңғырту "Қазхромның" жалпы өнімділікті арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіпорын қызметкерлеріне оңтайлы жұмыс жағдайларын жасау қамындағы ұзақ мерзімді стратегиясының бір тармағы.