10 Сәуір 2025

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ССКӨБ ұжымы тағы 15 000 ағаш екті

ERG-дің эко-стратегиясы қолданыста. Жаппай көшет егу сәуірдің алғашқы күндерінен басталды. ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің ұжымы үйінділер ауданына 14 мың ағаш екті. Бұл тізімге тағы бір эко-акция қосылды: ССКӨБ дайын өнім қоймасының жанына бір мың пирамидалық терек отырғызылды.

ERG-де әзірленген экологиялық стратегия 2018 жылдан бастап тиянақты іске асырылып келеді. Бұл компания кәсіпорындарында «Жасыл экономика» қағидаттарына бағытталған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Соның бірі – Қостанай облысының жасыл желек жыл сайын толықтыру. Бұл «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық қозғалысына орайластырылған эко-акция. ССКӨБ Дайын өнім қоймасының аумағы мен қала арасында 1000 түк «жасыл қоршау» - көшеттер егілген.

– Ағаш егу – біздің жақсы дәстүріміз, - деді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы - ССКӨБ бас экологы Анатолий Дворниченко. – Мұндай акциялар жыл сайын ұйымдастырылады. Өткен жылы кеншілер 17 мыңнан астам көшет екті. Бұл жерде – 14 мың терек үйінділердің бойына егіліп, ал бүгін тағы бір мың. Біздің аймақты көгалдандыру ERG ұзақ мерзімді экологиялық стратегиясына негізделген және біз оның міндеттерін тиянақты орындаймыз. 

Бұл жолы кеншілердің экологиялық бастамасына колледж студенттері де белсене қатысты. Олардың көпшілігі болашақта ССКӨБ ұжымының қатарына қосылады. Бірлестік экологтарының, мердігер ұйымдар қызметкерлерінің және студенттердің ерікті десанты бір сағаттан аз уақыт ішінде орындады.

– Біз жыл сайын кәсіпорнымыздың өнеркәсіп аймағын көгалдандырамыз, - деді экология бойынша сарапшы Игорь Гонтаренко. – Экожүйені, атап айтқанда ауаны жақсартуға тырысамыз. Өнеркәсіп кәсіпорнын қоршаған ортаға әсер етеді. Біз бұл әсерді азайтуға және ауа жағдайын жақсартуға тырысамыз. Көптеген әдістердің бірі – ағаш егу.

Көшет егуден бөлек, кәсіпорынның экологтары олардың бейімделуін бақылайды. 2023 жылы егілген 17 мыңнан астам ағаштың – 80%  астамы тамыр жайған. Кепкен көшеттер жаңаларына ауыстырылады. ERG басымдықтарының бірі – Топ кәсіпорындары орналасқан барлық аймақтарда қоршаған ортаға қамқорлық жасау.