Мы используем файлы cookie, чтобы улучшать качество взаимодействия пользователей с нашим сайтом и персонализировать его содержимое. Продолжая использовать наш веб-сайт без изменения настроек, Вы соглашаетесь на использование нами файлов cookie. С дополнительными сведениями о том, как мы используем файлы cookie, можно ознакомиться здесь.
Ғылым мен өндірістің үздіксіз байланыста дамуын заманында ғұлама Қаныш Сәтбаевтың өзі айтып кеткен. Домбыраның қос шегіндей бұл екі сала өзара үйлесімде болмаса, өндірістің қарқыны төмендейді. Павлодарлық ғалымдардың бұл бағыттағы ізденісі кісі қуантарлықтай.
Өндіріспен шаруашылық тақырыптарын көтеру, өндірістік есеп құру, ғылыми жобаларды талқылау сияқты байланыс бүгінде жақсы қолға қойылған. Жалпы, жаратылыстану бағытындағы мамандықтарды жыл сайын 60-70 студент тәмамдаса, олардың барлығы дерлік жергілікті кәсіпорындардан екі қолға – бір күрек табады. Себебі «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Нефтехим LTD», «УПНК Павлодар», «Каустик», «Қазақстан алюминийі», «Қазақстан электролиз зауыты», Ақсу мен Екібастұз қалаларындағы аймақтық электр стансаларында, толып жатқан орта және шағын химиялық кәсіпорындарда білікті кадрларға сұраныс жоғары. Мұның сыртында химия мамандары ішкі істер саласында, медицинада, зертханаларда жұмыс істей алады.