15 Сәуір 2025

Baribar.kz 14.04.25 – Жұмысшы мамандар кәсіби өсе ала ма? ERG-дегі мамандардың әңгімесі

Eurasian Resources Group жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, қазір жастар үшін тұрақты жұмыс, жұмысқа сай жалақы және мансаппен өсу маңызды екен. Ал жұмысшы мамандар кәсіби дамып, мансаппен өсіп, табысты бола ала ма?

Қарапайым жұмысшыдан жетекші лауазымға, тіпті басшылық қызметке дейін көтерілгендер бар ма? Baribar.kz осы сұрақтардың жауабын табу үшін ERG-мен бірге жетістікке жеткен кейіпкерлердің оқиғасын оқырман назарына ұсынып отыр.

Жастар мансаппен өскісі келеді

Елімізде техникалық және кәсіби білім алып жатқан студенттер "Жұмысшы мамандардың болашағы қандай, олардың мансап жасау мүмкіндігі бар ма?" деген сұраққа жиі жауап іздейді. Eurasian Resources Group әлеуетті жұмыс беруші компания ретінде елдегі еңбек нарығын бақылап отырады. Компания жыл сайын осы тақырыпты зерттеп, студенттердің арманы мен жұмыс берушіден не күтетінін анықтайды.

2025 жылы жүргізілген сауалнама нәтижесі жастардың көбі мамандықты саналы түрде таңдайтынын және болашақта осы салада жұмыс істегісі келетінін көрсеткен. Биылғы сауалнамаға еліміздің төрт өңірінен 6 300-ге жуық студент қатысқан. Олар - Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында орналасқан 22 колледж бен үш жоғары оқу орнының студенттері. Ең қызығы, сауалнамаға қатысқан студенттердің жартысынан көбі ERG-ді әлеуетті жұмыс беруші ретінде қарастырады екен. Алайда олар жұмысқа тұру және мансап жасау мүмкіндіктері туралы көбірек ақпарат алғысы келетінін айтқан.

Жастар үшін көп жалақыдан бөлек, мансаппен өсу мүмкіндігі де өте маңызды. Сауалнамаға қатысқандардың 52%-і болашақ жұмыс орнын таңдағанда осы факторды бас назарға алатынын айтқан. Олай болса, өндірістегі әлеуметтік лифт қалай жұмыс істейтінін ERG компаниясындағы қызметкерлердің еңбек жолымен түсіндіріп көрейік.

Балқытушыдан басшыға дейін

ERG компаниясында еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, кәсіпорын басшылығына дейін көтерілген Ержан Абдулабеков, Бауыржан Өтемісов сияқты кәсіби мамандар бар.

Ержан Абдулабеков - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қазіргі директоры. Ол еңбек жолын 2001 жылы осы кәсіпорында балқытушы болып бастап, жылдар бойы әртүрлі лауазымда қызмет етті. Ержан мырза 22 жылдық тынымсыз еңбек пен ізденісі арқасында 2023 жылы зауыт директоры болып тағайындалған.

Өндірісте әлеуметтік лифт жүйесі жұмыс істейтініне тағы бір дәлел - Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Бауыржан Өтемісов. Ол 1984 жылы осы комбинатқа машинист болып жұмысқа орналасқан екен. 40 жылдық еңбек өтілінде техникалық қызметтен бастап, зауыттың бас инженеріне дейін жетіп, биыл кәсіпорын басшысы болды.

ERG компаниясында мұндай мысал өте көп. Біздің бас мақсатымыз - олардың оқиғасын баяндау арқылы жұмысшы жастарға шабыт беру. Бұл мамандардың еңбек жолы өндіріс саласында адал еңбек пен кәсіби даму арқылы мансап жасауға болатынын, өндірісте әлеуметтік лифт бар екенін және оның шыңына жетуге болатынын дәлелдейді.

Дархан Ишанқұлов - еліміздегі алғашқы жүргізушісіз самосвалдарды басқаратын операторлардың бірі

ERG жұмыс орындарында жаңа технологияларды енгізу арқылы қызметкерлердің кәсіби өсуіне жағдай жасап қана қоймай, өндірістің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға да ерекше көңіл бөледі. Мұның жарқын дәлелі - Дархан Ишанкұловтың еңбек жолы. Ол 2008 жылы колледж бітіріп, қолына газоэлектрдәнекерлеуші дипломын алып, өнеркәсіп әлеміне кәсіби сапарын бастаған. Алғашында мақсаты тек тұрақты жұмыс табу болғанын айтады. Дархан Ишанқұлов бұл мақсаты орындалған соң, мұнымен шектелмей, кәсіби дамуды жалғастырып, 2022 жылы қайта оқыту бағдарламасы аясында ауыр жүк көлігінің жүргізушісі мамандығын меңгерді.

Жүргізушісіз ауыр жүк көлігі техника операторының көмегімен қашықтан басқарылады. ERG елімізде алғаш рет роботтандырылған өзі аударғыш көліктерді іске қосты. Өндіріске мұның пайдасы тиіп жатыр.

Дарханның айтуынша, ERG қызметкерлердің кәсіби тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөледі. Компаниясы әрдайым қолдап отыратынын айтады. "ERG кәсіби даму үшін қажет жағдайдың бәрін жасайды, бастысы - дамуға деген ұмтылыс болуы керек" дейді ол.

 - Дархан Ишанқұлов

Дарханның жетістігі - білім алуға және әлеуетін іске асыруға ұмтылыстың нақты көрінісі. Білікті маман мансаппен өсу үшін негізгі үш фактор бар екенін айтып өтті. Олар - жауапкершілік, мақсат қоя білу және өзін дамыту.

"Осы қасиеттерді бойына сіңірген адам кез келген салада жетістікке жете алады", - дейді ол.

Дархан Ишанкұловтың оқиғасы өзгерістен қорықпай, жаңалыққа ұмтылған әрбір адамның кәсіби тұрғыда биік жетістікке жете алатынын көрсетеді. ERG сияқты дамуға мүмкіндік беретін ортада табандылық пен жауапкершілік танытқан әр маман өз мансабын жаңа деңгейге көтере алады.

ERG кәсіпорындары барлық қызмет барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда ERG-дің туған қалалары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 400 млрд. теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Eurasian Resources Group-тың 18 кәсіпорынында 60 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. ERG кәсіпорындары Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. ERG-дің аймақтардағы әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 400 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер ERG әлеуетті жұмыс беруші және жұмысшы мамандарға тұрақты дамуға мүмкіндік бере алатын компания екенін дәлелдейді.

дереккөзі