Қашар кентінің тұрғындары ұзақ жылдар бойы алғаш рет жазда да ыстық суды пайдалана алады. Бұл көмірден газға ауысумен байланысты Қашар жылу орталығын қайта құрылымдау қамындағы ауқымды жобаның аяқталуы нәтижесінде мүмкін болды. Жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз ететін жаңа қазанның іске қосылды.
«Қашар кені» АҚ Қашар жылу орталығы барлық тұрғындарды және кәсіпорынның өндіріс алаңын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Бұған дейін кент тұрғындары жазда ыстық сусыз қалатын: технологиялық сұлба жылу беру маусымынан тыс уақыттаыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермеді. Жылу орталығының энергетикалық қондырғыларын жаңғырту, бұл мәселені шешуге мүмкіндік берді.
– Қазір кентте жыл бойы ыстық су болатынына өте қуаныштымыз. Ұзақ жылдар бойы тұрмысты реттеу үшін көптеген тұрғындарда жазда суды жылытуға арналған электр су жылытқыштар орнататын. Бірақ оның да қолайсыздықтары бар: мұндай құрылғылар қайта қарауды қажет етеді, орын алады әрі электр энергиясын шығындайды. Енді жай ғана кранды ашасын – қажетсіз шығындар мен қиындықтарсыз ыстық су ағады, - дейді ауыл тұрғыны Алена Пономарева.
– Қашар жылу орталығын қайта құрылымдау жобасы сәтті аяқталды. Ол үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Қашар кентінің газ тарату пунктінен Қашар жылу орталығына дейін жерасты газ құбыры салынды. Газды реттеу пункті орнатылды. Көмір қазандары газ қазандарына ауыстырылды. Шығарынды газға арналған жаңа құбырлар салынды, - деп түсіндірді жылу орталығының бастығы Александр Петрушков. – Қашар жылу орталығын газға ауыстырғаннан кейін кенттегі ауа таза болады, кент тұрғындары мен өнеркәсіп алаңын ыстық сумен қамтамасыз ету жыл бойы жүргізіледі. Жылу орталығы персоналының жұмыс жағдайлары газ қазандарын автоматты басқару жүйелерінің арқасында айтарлықтай жақсарады.
Көпшілігі «Қашар кені» АҚ қызметкерлері болып табылатын Қашарлықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту – атқарылған жұмыстың маңызды аспектісі. Тағы бір маңызды мәселе бар – аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту. Газ – отынның ең қауіпсіз түрі. Қашар жылу орталығында газ жабдығының енгізілуімен көміртегі құрамдас бөлігі азаяды, қоршаған ортаға эмиссиялар шамамен 1 000 тоннаға азаяды деп күтілуде.