30 Сәуір 2025

ССКӨБ-те бірегей өртке қарсы технология тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан өткізіліп жатыр

ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ тарихында алғаш рет осындай сынақ өтуде. «Gefest Solution Qazaqstan» қазақстандық ғылыми-өндірістік компаниясы әлемде теңдесі жоқ инновациялы өртке қарсы технология әзірлеген. ССКӨБ нысандарындағы сынақтар – нақты өндіріс жағдайында модульдердің сенімділігі мен тиімділігін тексеру.

Сынақтарға кәсіпорынның үш алаңы – Қоржынкөл, Қашар және Рудный алаңдары жұмылдырылды. Өрт нысандары ретінде: Қоржынкөл учаскесінің галереясы, Қойма шаруашылығы  ЖЖМ резервуары, трансформатор, «Соколовская» шахтасының «Жылу-түтін камерасы» орынжайы және техника таңдалды. Жоғары дисперсті аэроұнтақ пен CO₂ газын біріктіретін патенттелген технология негізде жасалған ұнтақты өрт сөндіру модульдері қас қағымда іске қосылады. Бұл серпінді шешім тіпті ең күрделі жалынды,  литий батареяларды тиімді сөндіруге мүмкіндік береді. Ұзақ уақыт бойы бұл мүмкін емес деп есептелген. 

– Бүгін біз өртті сөндіру сияқты маңызды бағыттың талдау алаңына айналдық, - деді ССКӨБ Бас директоры Сергей Кузьменко. – ERG – прогрессивті компания. Біз заманауи технологияларды, әсіресе еңбекті қорғауға бағытталған технологияларды қуана енгіземіз. ERG үшін қауіпсіздік – бәрінің негізі, басты басымдық. Кәсіпорында жарақаттануды мүлдем болдырмау – біздің түпкі  мақсатымыз. Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады.

Сынақтан өткен жаңа жабдық заманауи технологиялардың қауіп-қатерге уақтылы жауап беруде маңызды рөл атқаратынын дәлелдеді. Автоматты өрт сөндіру жүйелерін пайдалану өртті тез анықтауға және оған қарсы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

ССКӨБ-те өткізілетін сынақтар еліміздің ірі өнеркәсіп нысандарында отандық технологияны ауқымды енгізудегі маңызды қадам болмақ.