05 Мамыр 2025

Ақтөбе металлургтері балалармен бірге Елек өзеніне 46 мың тұқы шабақтарын жіберді

«Қазхром «ТҰК» АҚ-ның жыл сайынғы экологиялық акциясы аясында ERG құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының экологтары Елек өзеніне 46 мыңнан астам тұқы балығының шабақтарын жіберді. Іс-шара жаңа корпоративтік демалыс базасының аумағында өтті. Акцияға қызметкерлер балаларымен бірге қатысты. Кішкентай ақтөбеліктер шараға қуана қатысып, туған өлкенің табиғи ресурстарына ұқыпты қарау және экологиялық жауапкершілік жайлы құнды сабақ алды.

Елекке балық жіберу дәстүрі – ферроқорытпа зауытының қаладағы су айдындарындағы биологиялық тепе-теңдікті қолдауға және қалпына келтіруге бағытталған ұзақмерзімді және маңызды бастама. Биылғы жылы акция алғаш рет зауыт қызметкерлері үшін ашық жаңа демалыс базасында өтті. Балық аулау орны кездейсоқ таңдалған жоқ – демалыс орны тыныш аймақта орналасқан, бұл шабақтардың айдынға бейімделіп кету мүмкіндігін арттырады.

- Қаланың әрбір тұрғыны біздің өзендеріміздің қандай күйде екенін көреді. Экологиялық тепе-теңдікті кезең-кезеңімен қалпына келтіруге болады деп үміттенеміз, - деп атап өтті «Қазхром «ТҰК» АҚ бас экологы Светлана Мащенко. - Соңғы бес жылда біз Елекке 400 мыңнан астам тұқы шабақтарын жібердік. Бұл уақытты, су деңгейіне назар аударуды, браконьерлікпен күресуді және басқа да кешенді шараларды қажет етеді. Біз бұл шараның экожүйені нығайту және оны жандандыруға үлкен қадам болатынына сенеміз.

Бұл күні металлургтер балаларымен өзенге тұқы жіберіп қана қоймай, 200 алма ағашын екті.

- Біз тек зауытта жұмыс істемейміз – біз бұл қалада тұрамыз және оны жасыл, таза өзендермен және әсем табиғатпен көргіміз келеді. Бүгін менің балаларым алғашқы ағашын егіп, балықты өзенге алғаш рет жібергенін көрді. Бұл біз үшін маңызды шара болды, - деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының слесарь-жөндеушісі Жеңіс Книсарин.

«Қазхром» ТҰК» АҚ өеркәсіптік тиімділікті қоршаған ортаға қамқорлықпен ұштастыра отырып, орнықты даму стратегиясы шеңберінде экологиялық бастамаларды дәйекті түрде іске асырады. Балық аулау, су экожүйелерін қалпына келтіру, аумақтарды көгалдандыру – осы ұзақ мерзімді бағдарламаның маңызды тармағы.