19 Мамыр 2025

aqtobegazeti.kz 16.05.2025 – Елек өзені 46 мың тұқы шабақпен толықты

«Қазхром «ТҰК» АҚ-на қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытының экологтары Елек өзеніне 46 мыңнан астам тұқы балығының шабақтарын жіберді. Бұл — жыл сайын дәстүрге айналған акция.

Ферроқорытпа зауытының қаладағы су айдындарындағы биологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге бағытталған шараға қызметкерлер балаларымен бірге қатысты. Сол арқылы металлургтер кішкентай ақтөбеліктерді табиғатты аялап, жауапкершілікпен қарауға шақырды.

— Қаланың әр тұрғыны біздің өзендеріміздің қандай күйде екенін біледі. Экологиялық тепе-теңдікті кезең-кезеңімен қалпына келтіруге болатынына үміттенеміз. Соңғы бес жылда біз Елекке 400 мыңнан астам тұқы шабақтарын жібердік. Оң өзгеріс енді уақытты, су деңгейіне назар аударуды, браконьерлікпен күресуді және басқа да кешенді шараларды қажет етеді.

Бұл күні металлургтер балаларымен өзенге тұқы жіберіп қана қоймай, 200 алма ағашын екті, — дейді «Қазхром «ТҰК» АҚ бас экологі Светлана Мащенко.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының слесарь-жөндеушісі Жеңіс Книсарин экологиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосу әр тұрғынның міндеті екенін, игі іске балаларын ерте келгенін айтты. Су айдынына балық жіберу, су экожүйелерін тазарту, аумақтарды көгалдандыру — ұзақ мерзімді бағдарламаның маңызды тармағы.

дереккөзі