27 Мамыр 2025

Мамырдың 26-ы күні қысқа мерзімді тұтану болған Дөң тау-кен байыту комбинаты «Болашақ» шахтасының кен өндіру блогында жұмыс тоқтатылды

Тұтану салдарынан жабдықтарды монтаждап жатқан үш кезекші электрослесарь зардап шеккен. Қызметкерлердің беті мен білегін күйік шалды.

Зардап шеккендер жедел Хромтау қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Кәсіпорын басшылығы дәрігерлер мен қызметкерлердің туыстарымен үнемі байланыста.

Заң талаптарына сәйкес тергеу комиссиясы құрылып жатыр.